Бейтаныс ортада өзін дұрыс ұстау

Бейтаныс ортада өзін дұрыс ұстау
Фото: femaleintel.com

«Егер адамдармен қалай араласу, өз-өзіңізді қалай басқару және жеке қасиеттеріңізді қалай жетілдіру керектігін білгіңіз келсе, Бенджамин Франклиннің автобиографиясын оқыңыздар — өмірдің ең қызықты тарихы». Дейл Карнеги

Бенджамин Франклин (1706-1790) — саясатшы, дипломат, өнертапқыш, АҚШ Тәуелсіздік Декларациясы, АҚШ Конституциясы авторларының бірі. Ол адамдарды және жалпы қоғамды жақсы түсінетін. XVIII ғасырда берген кеңесі, қазіргі заманның өзінде маңыздылығын жоғалтпады.

Басқа елде немесе таныс емес ортада өз-өзіңізді ұстауға арналған 5 қағида:

1. Адамдар өздерін басқа ортада қалай ұстайтынын бақылаңыз. Сіздің дауыс қаттылығыңыз, қолмен белсенді сермеуіңізді дұрыс бағаламау мүмкін. Егер италияндық немесе испаниялық кісі сізді түсінсе, неміс пен жапондықтар түсіне қоймас. Сонымен бірге, Азия елдерінде қол тигізу мазаққа тең. Сіз аралауға бет алған елдің жалпы тәлімін зерттеп алу керек.

2. Қарапайым болыңыз. Егер қателесіп қалсаңыз, қорғану позициясын жамыла қалмаңыз. Сіздің әрекетіңіз бұрыс болғанын мойындап, жергілікті ережені сақтаңыз. Жай ғана кешірім сұрап, өз қатеңізді мойындаңыз.

3. Не нәрсе болатын-болмайтынын сұраңыз. Біраз уақыт өткен соң, өз тәртібіңізге баға қоюды сұраңыз. Олардың мәдениетін сыйлаймын және өз зияткерлік деңгейімді көтеру үшін сұрап жатырмын деп айтыңыз.

4. Олар жабайы, ал өзіңізді өркениетті елден келген адам сияқты ұстамаңыз. Кейбір мәдениеттер бізбен салыстырғанда мың жылдық тарихы бар.

5. Өзіңізді қоршағандарға ыңғайлы болатындай ұстаңыз. Бұл уақытты алады, бірақ жемісті.

Егер адаммен сөйлесу барысында, оның мәнерін қайталасаңыз, әңгіме тезірек оңалады.

mynews.kz

@. @assel_assanova