Жиі терлейтін болсаңыз

Жиі терлейтін болсаңыз
Фото: mhealth.ru

Ыстықта да, суық мезгілде де терлеуге бейім адамдар осы мәселемен күресіп, алдын алғысы келеді. Әрине, оның бір-ақ жолы бар: Ол – таза жүру. Жиі терлеу жағымсыздығымен күресу үшін мынадай кеңестер береміз.

Адамда тер бездерінің екі түрі болады. Бір түрі адамның сыртқы денесінде біркелкі жайылған, олар денені майландырып, жылылықты ретке келтіріп тұрады. Екінші түрі, көбіне, қолтық астында болады. Қолтық астындағы тер бездерінің терді көп шығаруы теріні қызартып, жұқа терінің сыртын жаралай бастайды.

Қолтық астының тершеңдігін азайту үшін құрғатқыш заттар – танин (ағаш қабығының ұлпасы) және шалфей (дәрілік шөп) жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70%-дық спирттпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен (пудрамен) сүртсе де жақсы болады. Сол сияқты салицил немесе формалин спиртімен, лизол ерітіндісімен (стақан суға бір ас қасық) сүрту де пайдалы. Уротропинді опа сияқты үгіп сепкен де жақсы нәтиже береді.

Бұл айтылған дәрілерді де көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды, ол теріні күйдіріп, қызартып жібреуі мүмкін. Аталған дәрілерді қолтық астына үш күн жағып, содан соң бір апта үзіліс жасау керек.

Жалпы күн сайын мынадай гигиеналық шаралар жасап тұрған дұрыс: күніне 1-2 рет суға түсіп немесе сулы орамалмен денені сүртіп тұру қажет. Ең бастысы терлеудің алдын алған абзал.

Г. Берік