Әлемдегі ең мықты 6 әскери-теңіз флоты

Әлемдегі ең мықты 6 әскери-теңіз флоты
Фото: 42.tut.by

Әскери-теңіз флоты кез келген елдің уысына түсетін мүмкіндік емес. Алып державалардың қоржынында бар әскери-теңіз флоттарының ең мықтысы – АҚШ. Сіздерге жер бетіндегі ең мықты 6 әскери-теңіз флоты туралы ақпарат береміз. 

6. Франция 

Франция елінің әскери-теңіз флоты Еуропа бойынша екінші орында тұр. «Шарль де Голль» француздардың ең алып флоты. Флоттың салмағы – 42 мың тонна. Кемеге 40 түрлі ұшақ түрі қона алады. Флот атомдық су асты кемесімен жабдықталған. Оны «Триумфан» деп атайды. 
Триумфандар баллистикалық M4S 6000 киллометрлік ракетасымен жабдықталған. Одан бөлек М51 10 000 км ракета да бар. 

Францияның әскери-теңіз флотында 98 әскери кеме бар. 

5. Ұлыбритания 

«Су патшалығы» атауын алуға әбден лайық деп есептелетін елдің бірі – Ұлыбритания. Себебі ағылшындардың әскери-теңіз флоты жер бетіндегі ең мықты флот есептелген. Қазір Мәртебелінің атағы көлеңкеде қалды. Дегенмен бұл бәрін жоққа шығармайды. 

Бүгінде Ұлыбританияның әуе кемесін тасымалдаушы флоты жоқ. Тек екі флоты бар: «Куин Элизабет» бірақ екеуі де өңдеуде жатыр. 2018 жылы жұмысы аяқталу керек. Өкінішке қарай ағылшындардың құралдары жетпегендіктен әуе кемесін тасымалдаушы борты салынбады, одан бөлек қорғану қабаты да алынып тасталды. 
Ұлыбританияның әскери-теңіз флотында 77 әскери кеме бар. 

4. Қытай 

Қытай әскери-теңіз флоты әлемдегі ең көп құрамдас флот. Онда 495 түрлі кемелер бар. Ең алыбы – «Ляонин». Салмағы – 59 мың тонна. 

Флотта стратегиялық зымыран тасымалдаушы «Цзинь» 094 су асты атом сүңгуірі бар. 12 баллистикалық ракетамен жабдықталған. Ұзақтығы – 8-12 мың км арасы. 

3. Жапония Жапон әскери-теңіз флотының барлығы дерлік ірі. Оларды «бұзушылар» деп атауға болады. Олардың негізгі ірісі екеу: «Хьюга» және «Сиранэ». Салмақтары 10 мың тонна тартады. 

Бұл ғана емес, 2017 жылы жарық көрген «Идзумо» кемесі 27 мың тонна тартып, жапон флотының қатарын толықтырды. 

Жапон флотында 124 әскери-теңіз кемесі бар. Атом пайдаланбаса да жапон флоты әлемдегі ең мықты әскери-теңіз флоты деп есептеледі. 

2. Ресей 

Ресейдің жалпы флотында 280 кеме бар. Ең мықтысы – 114 «Орлан» кемесі. 25 860 тонна тартады. Бұдан бөлек 1164 «Атлант» крейсері бар. 11 380 тоннаға тең. Ал ең алыбы – «Кеңес одағының адмиралы Кузнецов флоты». 61 390 тонна. 

1. АҚШ 

Америка Құрама штаттарының флоты әлемдегі ең үлкен және ең мықты флот саналады. Онда 275 түрлі кеме бар. Оның ішінде он шақтысы әуе ұшақтарын тасымалдауға арналған. Мұндай күш жер бетіндегі ешбір елде жоқ. АҚШ-тың әскери күші де осы теңіз флотына негізделген. 

АҚШ флотының ең алыбы – «Джеральд Р.Форд», ол 100 мың тонна тартады. Одан бөлек АҚШ-тың сүңгуір кемелері де зор күшке ие. Олардың күшін қайталау қазіргі кезде ешбір елдің қолынан келмесі анық. 

М. Ақан