Қазіргі замандағы әскери атаулар

Әскери атаулар күрделі әрі алуан түрлі болып келеді. Сондықтан сіздерге қазіргі жағдайда айтылып жүрген көнерген атауға ие кезіндегі бірнеше әскери атауларды ұсынып отырмыз. 

Көшпелі өмір салтында қазақтың дәстүрлі қару-жарағын зерттеушілер оларды жеңіл және ауыр қарулар деп бөледі.

Жеңіл қарулар: Табиғи материалдан және қолдан жасалған қарулар жатады. Мәселен: қамшы, құрық, сойыл сынды қаруларды атауға болады.

Ауыр қарулар: Бұл қарулардың қатарына қылыш, найза, зеңбірек және қанжар жатады.

«Ручной пулемет». Бұл атауды қазақ тіліне тікелей аударма жасау арқылы «қол пулеметі» деп алған.

Берен мылтық – пистонмен атылатын мылтық.

Білтелі мылтық – киіктің мүйізінен жасалған қару.

Бұдан өзге «қол мылтық», «қозы-көш», «қос ауыз», «жебе мылтық», «қара мылтық» деген де атаулар бар.

Қазіргі әскери тілмен айтқанда «тапанша» сөзі «пистолет» сөзінің аудармасы негізінде айтылып жүр. Ал «пулемет» сол қалпында қалған. Бұл қысқа кезекті және ұзын кезекті деп екі әдіспен атуға арналған қару түрі. Оның негізгі түрлеріне мыналар жатады: авиациялық ірі калибрлі, қол, зениттік станокті, Калашниковтың қол пулеметі, револьвер, карабин.

Зеңбірек – пушка сөзінен тікелей балама деуге болады.

Бес қару – садақ, мылтық, найза, қылыш, шоқпар. Ал бұлардың бес қару аталуына әсер еткен сөздер: тартыспақ, атыспақ, шанышпақ, шабыспақ, салыспақ.

Төрт тұрман:

ер-тұрман (ер, құйысқан, өмілдірік, қамшы, үзеңгі т.б.);

мүкаммалы (кісе, кемер, белдік, күдері, белбеу т.б.);

Жау-жарағы (сауыт, дулыға, қалқан т.б.);

Бес қару осы қатарға жатады.

Тактика – ұрыс жүргізу жөніндегі ғылым. Тактика шағын бөлімшелерден бастап, жоғары жалпы әскерлік құрамаларға дейінгі әскери топтарда ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Оперативтік өнер – ірі әскери топтардың, яғни оперативтік-стратегиялық бірлестіктердің ірі қимылдарын – операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуді зерттейді.

Стратегия – жалпы алғанда соғысты даярлау мен жүргізу жөніндегі ғылым.

Ұрыс – соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас онша үлкен емес атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді

Шайқас – белгілі бір ауданда өрістеген әрі тактикалық және оперативтік масштабта (олардың комплексі) мақсат, уақыт жағынан бірлікте болатын бірсыпыра ұрыстардың жиынтығы.

Операция   деп уақыт жағынан, кейде майдан бойынша бөлек-бөлек болып, бірақ жалпы бағыт бойынша, белгілі бір оперативтік бағыттарда дұшпанның ірі әскери топтарын тас-талқан ету мақсатында біріккен ірі жалпы әскери топтың ұрыс қимылдарының жиынтығын айтады.

Маневрдің оперативтік (ауқымды) ұғымдағы және тактикалық ұғымдағы формасы мен түрі болады. Біздің уставта тактикалық маневрдің: қоршап алу, орағытып өту, бұзып-жарып өту және шегіну сияқты төрт түрі бар.

Устав – командирдің құнды ұраны.

Полковник – орыс тілінде жаңа әскери құраманың – полктің пайда болуымен дүниеге келген сөз. Қазақ тілінде бұрын ұсақ әсери жасағының және ірі әскери құраманың басшысы мағынасында қолбасы сөзі қолданып келді. Бұл сөз жаңа әскери құрама-полктің басшысы мағынасын бере алмады.  Осы себептен,  қолбасы сөзінің орнына полковник термині алғашқы кезде «орыс армиясының командирі» мағынасын білдіреді.

Майор – «орыс армиясының офицері» тіркесі ретінде қолданылады.

Сержант – латынның «қызметкер» деген сөзінен келген.

Капитан: 

1. Қарулы күштердің кіші офицерлері құрамындағы әскери атақ. 

2. Кемені басқарушы командир. 

3. Спорт командасының басшысы.

Прапорщик – І Петр кезінде тұрақты армияда туды ұстаушыларға берілген атақ.

Старшина – армия мен әскери теңіз флотындағы кіші командирлер құрамындағы жоғары атақ иесі.

Десант – жау тылында соғыс қимылдарын жүргізу үшін дайындалған немесе жау тылына түсірілген әскерлер.

Подполковник – майордан кейін берілетін әскери атақ. Подполковник атқаратын қызметтері: полк командирінің орынбасары, полк штабының бастығы, жеке батальон командирі т.б.