Әрі пышақ, әрі қару – НРС-2

Әрі пышақ, әрі қару – НРС-2
Фото: zonwar.ru

«Арнайы жасаққа арналған» (НРС) – бір реттік оқталу және атылу жүйесімен жасақталған пышақ түрі. Тульс қару-жарақ өндіру орнында құрастырылған. Негізгі қолданушылар қазіргі кезде Ресей армиясы сонымен қатар алыс-жақын шет елдің әскери күштері де пайдаға асырады. 

Қолданысқа 1986 жылы енгізілген. Ал қарудың өзі 1980 жылдардан бастап жобаланған. Әрі пышақ, әрі қару болып кеткен НРС-2 пышағының ерекшелігі сол, оның сабында жалғыз дана оқ салынады. Ол оқ ешқандай амал қалмаған жағдайда қолданылады. Әрине қайта оқтауға да ыңғайластырылған. Оқ ұңғыдан дыбыссыз ұшып, ұзақтығы 25 м-ге дейін жетеді.  

НРС-2 қару түріндегі пышақтың салмағы – 0,62/0,35 кг. Ұзындығы: 322/284 мм. Ұңғының ұзындығы: 60 мм. Оқ: СП-4. Калибр: 7,62 мм. Оқтың ұшу жылдамдығы: 140 м/с. Қазір бұл пышақ түрі әскери күш қатарында, жеке адамдар үшін өзін қорғау мақсатында арнайы рұқсат қағазбен пайдалануға арналған қару болып есептеледі. 

М. Ақан