Ертең елімізде Армия халықаралық ойындары басталады

Ертең елімізде Армия халықаралық ойындары басталады
Фото: bnews.kz

Ертең елімізде Армия халықаралық ойындары-2016 жарысы басталады. 

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің «Гвардейск» полигоны  аумағында алғаш рет «Артиллериялық оқ ату шебері» мен «Мерген шебі» байқауы өткізілмек.   

Ресейдегі Армия халықаралық ойындары – 2016 додасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамасы ең белсенді командалардың бірі болып танылды. Әскери қызметшілеріміз 23 байқаудың 21-іне қатысты.+

АрМИ-2016 ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы келді. Қорғаныс ведомствосының басшысы сайыста еліміздің Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын қазақстандық құрамамен жүздесіп, әскери қызметшілерге алдағы байқауда сәттілік және жеңіс тіледі.

Ойындарға 3 000-нан аса әскери қызметші, Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасының 20 мемлекетінен келген 120-ға жуық команда қатысады.  Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау бір уақытта өтеді.  

Дереккөз: BNews.kz 

Е. Жұмабайұлы