Оқ өтпейтін кеудеше (бронжилет) түрлері

Оқ өтпейтін кеудеше (бронжилет) түрлері
Фото: sarbaz.kz

Қарудың сан түрі шыққан заманда, арнайы оқ өткізбейтін кеудешелер де бірге жүреді. Адамның өмірі қымбат болғандықтан әрбір ұрыстың өз қаруы, өз қорғанысы болады. Бүгін біз сіздерді қазіргі уақыттағы кеңінен қолданыста жүрген оқ өткізбейтін кеудешелердің түрлерімен таныстырамыз. Әртүрлі қару оғының күштілігіне байланысты кеудешелердің 6 түрі бар. Егер сіз үстіңізге осы қорғаныш кеудешесін киіп көрсеңіз қандай болатынын білесіз, ал білмейтін жандарға айтарымыз, ары-бері қимылдауыңыз қиындап, тасбақадан айнымай қаласыз. Пайдасы мен ауыртпалығы қатар жүретін кеудешелерге кеңінен тоқталсақ.


Ең бірінші түрі — 
Макаров тапаншасының оқ дәрісін өткізбейтін кеудеше. 

Ал, екінші оқ өткізбейтін кеудеше помпалық қарулардың оқ дәрісінен қорғайды. 

Үшінші кеудеше АКМ, яғни тапанша мен пулеметтің оғына қарсы тұруға септігін тигізеді.

Төртінші және бесінші оқ өткізбейтін кеудеше, әлемдегі ең мықты қарулардың алдыңғы қатарындағы АК-47 оқ дәрісін адам денесіне дарымайтындай етіп қорғайды.

Алтыншы кеудешенің көмегімен ең мықты снайпер винтовкасы СВД-ның өзінен аман қалуға болады. 

B. ZHAQSYMBET