- Негізгі бет
- Бесқару
- Әлемдегі ең қауіпті...
Әлемдегі ең қауіпті бомбалар
Әлемдегі алпауыт мемлекеттердің қолындағы бір түймесі көздеген мемлекетін жер бетінен жоқ қылуға қауқарлы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы Жапонияның Нагасаки мен Хирошима қалаларына түскен атом бомбалары бүгінгі күнге дейін адамзат баласын күрсіндіретіні анық. Америка тарапынан атылған химиялық қару қаншама жанның өмірін қыршыннан қиды.
Әлемнің әрбір мемлекеті үшін қауіпті болған бомбаларды азуын айға білеген мықты мемлекеттер қауіпсіздік үшін әлі күнге дейін сақтап келеді. Бүгінгі таңда ең қауіпті үш атом бомбасы қандай және қай елдерде тұрғанынан хабардар болыңыз.
2007 жылы құрастырылған ресейдің термобариялық бомбасы (АВБПМ) бүгінгі таңда барлық мемлекет үшін қауіпті. Салмағы 7,1 тоннаны құрайтын жарылғыш зат 44 тонналық күшпен жарылады. Құрамында қандай қоспа бар екені белгісіз. Әзірге қауіпсіз болғанымен, түймені басқаннан кейін түскен жері қандай болатынын елестетудің өзі қорқынышты.
Бүгінгі күнде ең қауіпті ақылды бомбалар Израильде деп есептеледі. Дәлдік жағынан мүлт кетпей, әрі ұзаққа жылдам жететін жарылғыш зат Израиль елінің әскери қаруларының ішінде бар. Мұндай бомбаларды 10 жылдан артық сақтауға болмайды.
Америка құрама штаты да бұл тізімге енген. Еркін құлайтын бомба (BLU-82 Daisy Cutter) деп саналады. Ең алғаш Ветьнаммен соғыс барысында орманды алқаптарға тік ұшақ қонатын орындарды жасау үшін пайдаланса, кейіннен ауғанстандағы талибандарға қарсы пайдаланған. Үлкен көлемді жерге таралып жойып жібермесе де, түскен межесінен құтылып кету мүмкін емес. Салмағы 6,8 тонна, ұзындығы − 5,73 м, көлемі 1,56 м болатын жарылғыш зат ең қауіпті бомбалар қатарында.
B. ZHAQSYMBET