Хиросимада болған жарылысқа 69 жыл

Хиросимада болған жарылысқа 69 жыл

Бүгін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хиросимада болған атомдық жарылыстың болғанына 69 жыл толып, Күн шығыс елінің тұрғындары апаттан қайтыс болғандардың құрметіне Peace Memorial саябағына жиналды, - деп хабарлайды mainichi.jp сайты.

Бомбалаудың ошағы болған жерден жүз метрдей жерде өткізілген салтанатты еске алу кезінде Хиросима қаласының мэрі Кэзуми Мацуи өз елінің премьер-министрі Синдзо Абэден атом бомбасынан бас тарту туралы әлемдік келісімнің өз күшіне толық енуін қадағалауын сұрады.

Осындай қолдан жасалған ғаламдық апаттан кейін Жапон елі де атом бомбасына жүгінбей, 69 жыл бойы соғыстан бас тартып келуін Жапония конституциясының пацифистік идеясының арқасында екенін атап өтті.

«Қарулы әскер жек көрушілікті туындататын жаңа циклдің бір түріне айналады. Жауыздықты жою үшін ұлттық дәстүріміз, мәдениетіміз бен дінімізді дамытуымыз керек. Қоғамды адамдық жақсы касиеттерге тәрбиелеп, бейбітшілік көзқарасты күшейтуге тиіспіз», - деді қала мэрі.

Ел үкіметінің басшысы Абэ өз сөзінде: «Жапония тарихында болған ең қасіретті апаттың қайта өзге елдерде қайталанбауы үшін NPT (Ядролық Қарудан Бас Тарту Ұйымы) бақылауы бойынша антиядролық әлемді қалыптастыруға белсенді ат салысатын боламыз. Хиросима және Нагасаки қалаларында болған атомдық жарылысқа 70 жыл толғанда, біз осыған толық сенімді болып отыруға тиіспіз», - деген болатын.

Салтанатты еске алу орнына АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Кэролайн Кеннеди, Ұлыбритания, Франция және Ресей секілді ядролық державалардың, БҰҰ және ЕО-ның арнайы өкілдері қатысты.

1945 жылы 6 тамызда америкалық террорист Enola Gay атомдық ғасырдың басталуын көрсету мақсатында Хиросимаға қасіретті бомбаны тастады. «Кішкентай» деп аталатын атом бомбасы 600 метр биіктікте жарылып, 140 мыңнан астам адамның өліміне алып келген.

Екінші бомба Нагасаки қаласына сол жылдың 9 тамыз күні лақтырылған болатын. Нәтижесінде, Жапония дүниежүзілік соғыстан бірден бас тартты. Үлкен дүмпуден аман қалған. Радиацияға ұшыраған 200 000 адамның саны күн сайын азайып келеді. Олардың орташа өмір сүру жасы - 79,44. Бұл Күн шығыс елінің ең төмен көрсеткіші болып табылады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: mainichi.jp

Ж. Өрісбай