Жігіттер үшін қарудың рөлі қандай?

Жігіттер үшін қарудың рөлі қандай?
Фото: getbg.net

Ежелгі заманнан бері қару ер жігіттің сенімді құралы. Қолына қару ұстап жүрген азаматтар сол кездің өзінде өзінің тайпасын, ұрпағын, жерін қорғаған. Сонымен қоса мұндай затты тамақ асырау жолында да пайдаланған.

Көнеден келіп жеткен қару суреттеріне назар салсаңыз, сол кез азаматтарының қолдарынан қару түспеген. Қайтыс болған батырдың қасына өзінің қаруын қоса жерлеу де ежелгі дәуірдің бір салты болып қалыптасқан. Білікті ұсталардың идеясы нәтижесінде батырлардың қару-жарағына түрлі әшекей бұйымдар қолданылып, ою-өрнектермен әсемделген. Мұның барлығы батырдың қолындағы қаруына баса назар аударыуының белгісі.

Қолына қылыш алып, оны оңды-солды дұрыс сілтей білген азамат нағыз жігіт сұлтаны саналған. Ондай азаматтарға қыз-қырқынның да ойы өзгеше болған. Себебі ондай азаматтардың қасында өзін сенімді сезіне білген. Қылыш, найза ұстап, аттың үстінде арпалысқан жігіттер уақыт өте келе мылтық пен тапаншаны да аса құрметті зат ретінде санаған. Өйткені мұндай қару жауды жақындамастан сұлатып түсіруге көмектесе білген.

Бүгінгі таңда қару-жарақты есепке алу арқылы адамдардың қолына ұстауға мүмкіндік береді. Маңайдан соғыстың сұрапыл жалыны көрінбесе де, көненің салты бойынша ер жігіттер әрбір үйде бір қару болуы міндетті деп есептейді. Оны таңдау кезінде бағалысына, әсемдігіне, күштілігіне қарай таңдайды. Демалған кезде аңшылыққа шығып саят құратын жандар да әлі күнге жанымызда жүр. 

B. ZHAQSYMBET