- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Қолымызды парақпен тіліп...
Қолымызды парақпен тіліп алсақ...
Сөмкемізден кітап не бума қағаздарымызды алып жатып, байқаусызда саусағымызды тіліп аламыз. Кішкентай ғана жарақат жаныңды алып кетердей болады. Жұқалығы бір миллиметрге де жетпейтін бір бет қағаздың айтарлықтай жарақаттауы қызық көрінуі мүмкін. Бұндай жағдайда не істеуге болатынын осы жазбамыздан біле аласыз.
Саусақты парақпен кескенде неге қатты ауырады?
Саусақ ұшын тіліп кеткен парақ құдды бір пышақтың жүзімен кесіп алғандай болады. Саусақ жарақат алғаны туралы жүйке жүйесі арқылы миға хабар береді де, жаныңыз сыздаған сырқатты байқайды. «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» дегендей, аса үлкен жарақат болмаса да, сыздатып жіберетіні рас. Саусақ ұшында жүйке ұлпасы басқа дене мүшелерімізбен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұндай сезімталдыққа саусақ, мұрын және шап ие.
Бұл жарақат кезінде неге аса көп қан жоғалтпаймыз?
Парақпен қолыңызды кесіп алғанда, сыздағаны жаныңызға қатты батса да, көп қан кетпейді. Өйткені, жарақат тереңге бойламайды. Себебі, парақ қан тамырларына жетпейді, тек жүйке ұлпасын жарақаттайды. Сәл-сәл қан тамшылары пайда болады. Бір ескерер жағдай: жылы су ауруды асқындырады. Жарақатқа ағынды су тисе, кесілген тері астындағы жүйке ұлпасына әсер етеді.
Бұл жағдайда не істеу керек?
Саусағыңызды парақпен жарақаттаған жағдайда, ең алдымен, қолды суық сумен сабындап жуыңыз. Парақта қандай бактериялар барын кім біледі?! Кескен саусағыңызды құрғақ орамалмен сүртіңіз. Кейін бактерияға қарсы май жағыңыз. Не болмаса, сутек тотығымен сүртіңіз. Егер кесіп алған жеріңіз әлі де сыздап тұрса, басқа заттарға тиіп кетпеу үшін жабыстырғышпен таңып қойыңыз. Ауру басылған соң, жабыстырғышты алып тастаңыз.
Алоэ өсімдігінің бір бөлігін тіліп алып, жарақатыңызға таңғышпен таңып қойсаңыз, теріңіз тез бітіп кетеді. Қолыңызда бактерияға қарсы май болмаса, оның орнын вазелин майы алмастыра алады.
Ұқсас жазбалар:
Инсульт алған адамды ине арқылы құтқаруға бола ма?
Е. Жұмабайұлы