Қан тоқтатудағы алғашқы көмек

Қан тоқтатудағы алғашқы көмек

Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Жеңіл жарақаттан бастап, күре тамырдан кететін қанды тоқтатудың түрлі жолы бар. Өткен жазбамызда жарақат жеңіл болған жағдайда қалай алғашқы көмек көрсету керектігін айтқан едік. Ал бүгін:

• Ауыр сыртқы жарақат кезінде:

1. Жарақат алушының басын сәл шалқайтып жатқызыңыз, бұл шошынуды азайтады, жүрек соғысын тыңдап, дема алуын қадағалаңыз.

2. Жарақат алған жерін жүректің деңгейімен сәл биіктетіп қойыңыз, егер, «сынды-ау» деген ойыңыз болса, тиіспеңіз.

3. Қан тоқтаған соң, жарақат бетіндегі лас жерлерді мұқият, ауыртпай алыңыз. Егер лас заттар үлкендеу болса (әйнек, ағаш, т.б.), алмаңыз. Бірақ жарақаттың айналасын дәкемен таңып тастаңыз.

4. Дәкемен немесе таңғыш, матамен таңған соң, қанды тоқтату үшін қолыңыздың көмегімен жарақат алған жерді қысыңыз.

5. Қан тоқтамай жатса, жаңағы қысымды үдетіп, баумен байлаңыз. Шап немесе тағы да байлауға ыңғайсыз дене мүшелерін қолыңызбен не қалың таңғыштармен қысыңыз.

6. Қанды тоқтатын күретамырларды қысу нүктелері:
Егер жарақат қолда болса, шынтақтан жоғары, қолтықтан сәл төмен жерді, ал аяқта болса, тізе мен шаптың ортасын басыңыз. Осы аталған тұстағы сүйектерге қарама-қарсы күре тамырдан қысыңыз. Саусақтарыңызды тік ұстап, екінші қолыңызбен барынша салмақ түсіріп, қаттырақ қысыңыз.

• Егер іштен қан кетсе


1. Іштен қан кеткенде, үй жағдайында қан тоқтату мүмкін емес, міндетті түрде жедел жәрдем шақыртыңыз.

2. Жарақат алушыны ыңғайлылырақ жатқызып, сабырға шықырыңыз.

3. Қан қысымын өлшеп, тыныс алуын қадағалаңыз, сырттан қан кеткен жағдайда, тоқтатуға тырысыңыз.

4. Дене температурасын қадағалаңыз, дене не суып, не қызулап кетпесін. Жедел жәрдем келгенше, температураны бір қалыпты сақтаңыз. Ол үшін дәкені суық суға батырып, маңдайға қойыңыз.

Оқи отырыңыздар:

Қанды йодсыз қалай кетіруге болады?

Жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек

Сурет: difdiagnosis.ru, ru.wikihow.com

Е. Жұмабайұлы