Жігіттерге арналған ерекше жұмыстар

Жігіттерге арналған ерекше жұмыстар
Фото: kinomaxpro.com

Қазіргі қоғамда жұмыс жасап, қалтаны қалыңдату – әрбір адамның басты мақсаты. Алайда, таңның атысынан кештің батысына дейін бір тапсырманы орындап, күнделікті күйбең тіршілікті жасау қажытып жіберетіні рас. Мамандардың айтуы бойынша, адам бір жұмысқа бейімделсе, онда тұрақтап қалуға тырысады. Алайда, оның болашақтағы мақсаттарына жетуге, өзге де қарекеттермен айналысуға кері әсерін тигізеді.

Себебі тұрақтылық бар жерде өсу жоқ. Сондықтан белгілі бір тәжірибиені жинап, керегіңді басыңызға сыйдырғаннан кейін жаңа кәсіптің көзін ашқаныңыз дұрыс. Өйткені бір қалыпты жағдай мен қатты бір қиындыққа душар болмай, адам ешқашан өсе алмайды. Егер сіз көп саладан хабардар болсаңыз, белгілі бір жасқа жеткенде барлығына үлгеріп, қалаған жұмысыңызбен қайта қауыша аласыз.

Мамандық демекші, сіздің басыңызға бірден "жұмыс іздеу керек" деген сөз келсе болды, қалыпты істерден бос орын қарайтыныңыз айдан анық. Алайда, қоғамның өзге де сіз бен біз білмейтін қаншама қаражат жинап, әрі қызыққа батыратын мамандықтары бар. Сол себепті ойыңызда жүрсін деп, ерекше мамандықтарға тоқталуды жөн санадық.

Аттракциондарды тесттен өткізу

Әрбір мекеннен жаңа бір суға арналған ғимараттар ашылған уақытта, ең бірінші тестілеуден өтуі тиіс. Бұл тұрғыда адреналин алып, сараптамадан өткізетін ерекше мамандық бар екен. Жаңа іске қосылған су демалыс орындарының ең бірінші қонағы осындай жандар. Егер сіз мұндай мамандықты жақсы меңгерсеңіз, әлемнің кез келген нүктесінен өзіңізге жұмыс тауып алуыңызға болады. Бір көргенге қызық болғанымен аса қауіпті мамандықтардың бірі. Себебі, жерден ұзақ биіктіктен суы бар жартылай құбырдан түсу үшін жүректілік қажет. Сонымен қатар, жаңа дүниені ең бірінші сіз ғана сынақтан өткізгелі тұрсыз. Оның кемшіл тұстары болған жағдайда зардап шегуіңіз де әбден мүмкін.

Ойыншық құрастырғыштарды жинау

Бұл – балалықпен қоштасқысы келмей жүрген жандарға таптырмас мамандық. Мұндай кәсіп иесі кез-келген ойыншық дүкендеріне барып керемет құрастыруларды жасап, безендіре алады. Ал, бала-шаға адам өмір сүрген әрбір мекенде болғандықтан, жұмыстың да табылып қалатыны сөзсіз.

Құлып бұзушы

Бірден естігенде есіңізге аты шулы криминалдық фильмдер мен алаяқтардың түсері анық. Алайда, мұндай мамандық иелері тек өзінің құпия сөзін ұмытып қалған адамдарға және кілтін жоғалтқан жандарға ғана көмектеседі. Ең қиын қорғанысты бұзып, үлкен атаққа ие болған кәсіп иелері де жетерлік. 

Тиын жуатын мамандық

Ең керемет әрі өкінішті мамандық екені рас. Өйткені сан мыңдаған тиындарды жуып жүріп айлығыңыздың оның қасында аз болғанына сәл де болса көңіліңіз түсері шындық. Бірақ, қолыңызда күнделікті санаулы ғана адам ұстайтын қаржының болғанына қуанып та қаласыз. Әлемдегі ең керемет мамандықтардың бірі осы тиын жуу.

Жалғасы бар...

B. ZHAQSYMBET