Ерлер гардеробы: жазғы 5 үйлесім

Ерлер гардеробы: жазғы 5 үйлесім
Фото: medny.ru

Жаз мезгілінде қарапайым және ыңғайлы болатын ерлер гардеробына арналған 5 үйлесімді ұсынамыз.

1. Жазғы деним

Жеңіл денимнен тігілген әртүрлі киімдер бір-бірімен жақсы үйлесіп кетеді. Жаз мезгіліне олардың бір-біріне жақын түсті немесе қарама-қарсы реңкті түрлерін таңдауға болады. Мысалы, жұмсақ көгілдір мен қанық көк. Бұл киім үлгісіне ақ аксессуар мен ақ аяқ киім жақсы үйлеседі. Егер киім үлгісін айқындай түскіңіз келсе, түсті циферблаты бар сағат пен сәнді көзілдірік қосыңыз.

2. Сарғыш + ақ

Мұндай үйлесімге зығыр мен жұмсақ мақтадан жасалған киімдер жақсы келеді. Олар босаңсыған кэжуал үлгі жасайды. Аксессуарға келетін болсақ, олар ақ немесе қоңыр бола алады.

3. Бомбер + чинос шалбары

Чинос шалбары мен кез келген футболканың сыртынан ашық элементтері бар жазғы бомбер кисеңіз, ол киім үлгісі қызығырақ бола түседі.

4. Бір түстің түрлі реңктері

Бір тұстің әртүрлі реңктерін үйлестіру – қазіргі мерзімнің хиты. Мысалы, қызылдың түрлі реңтерін үйлестіруге болады. Мұндай үйлесім көбінесе кэжуал стиліне жақсы келеді. Мысалы: поло футболка, қысқартылған шалбар және кепке.

5. Ақ футболка + ашық аксессуарлар

Сәнді көрінудің ең қарапайым әдісі ақ футболканы ашық түсті аксессуарлармен толықтыру. Мысалы: түрлі түсті сағат немесе түрлі түсті әйнегі бар көзілдірік.

А. Жапатова