Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Стиль / Киіміңіз өзіңізге сай болсын

Киіміңіз өзіңізге сай болсын

Киіміңіз өзіңізге сай болсын

«Адам көркі – шүберек». Кез келген адам өзіне және өзінің киім киісіне мән беруі керек. Бұл ешқандай да ерекшілік емес, өзіңізді күту ғана. Өзіңізді қаншалықты таза әрі жинақы ұстасаңыз, қоғам сізді солай қабылдайды. Тіпті сіздің мінез-құлқыңыздан бұрын киіміңізге мән береді. Ал киімді қалай кию керек екенін, оның өлшемін дұрыс таңдауды ескеріңіз.

Жағаңыз жинақы әрі шақ болып тұруы өзіңізге де өте ыңғайлы. Ал кең не тар кисеңіз, дем жетпей тұрғандай өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. 

Кеудеңізге киетін жейдені де шақтап алыңыз. Егер ол денеңізге тырысып тұрса, бас тартыңыз. Өйткені костюм шешуге тура келген жағдайда жейде сізді тым ерсі көрсетуі мүмкін. Денеңізге кең жейдеден де аулақ болыңыз. 

Кез келген киімнің иық бөлігі нақ өлшеміңізді көрсетеді. Сырт көз сіздің иығыңызға қарап киім тар не кең болып тұрғанын бірден аңғарып қояды.

Жейденің жеңі күнделікті өмірде мән беретін дүние болмауы да мүмкін. Бірақ талғампаз ортада жүруге дағдыланған болсаңыз ол жағын да біле жүріңіз. 

Суретте көріп тұрғаныңыздай, дәл өлшеммен киген кездегі сырт бейнеңіз бен тар және кең киім киген көрінісіңізде айтарлықтай айырмашылық болады.

Киімге қыз баласы ғана емес, ер адамның да мұқият әрі тиянақты болғаны жөн. Өйткені сырт киіміңіз де сіздің мәдениетіңізді көрсете алады.

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: Veralline.com
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2016, 12:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.