- Негізгі бет
- Стиль
- Ғасыр ағымындағы спорттық...
Ғасыр ағымындағы спорттық аяқ киімдер
Спорттық аяқ киімдер сән әлемінен бір елі ажыраған емес. Бұрындары тек спорттық киімдермен ғана киетін аяқ киім қазір костюмдермен де үйлесім таба алатын болды. Ғасыр талабы ма, әлде сәннің өзгеруі ме, спорттық аяқ киімдердің түр-түрі «шығып» жатыр. Спорттық аяқ киімнің заман ағымында қалай өзгергені туралы мына жазбамыздан көре аласыздар.
1. Жүгіруге арналған аяқ киім. 1860 жылдары жасалған. Біздің заманымызға дейін сақталған алғашқы спорттық аяқ киімдердің бірі.
2. Converse кедасы, 1917 жыл. Спортзалға арналған бұл үлгі «All Stars» деп аталады. Бұл үлгі қазір де өз қалпын жойған жоқ.
3. Dominion Rubber Company спорттық туфлиі, 1925 жыл.
4. Waitzer, 1936 жыл. Бұл аяқ киімді Adidas компаниясының негізін қалаушы Ади Дасслер 1936 жылғы Олимпиада ойындарына арнап тіккен екен.
5. Gripper Converse моделі, 1940-1950 жылдар арасында кеңінен танылған спорттық аяқ киім.
6. Waffle Trainer, 1974 жыл. Nike компаниясының жасаған алғашқы жүгіруге арналған жеңіл спорттық аяқ киімі.
7. Adidas, 1980 жыл.
8. Nike, 1984-1985 ж.ж.
9. Nike, 1997 жыл.
10. Nike, 2003 жыл.
11. Nike, 2005 жыл.
12. Сникер. ХХІ ғасырдың жаңалығы.
13. Пьер Харди – поп-арт стиліндегі спорттық аяқ киім үлгілерін алғаш жасаған сәнгер. 1990 жыл.
14. Джим Лассер есімді суретшінің жасаған спорттық аяқ киімі өзгелерден ерекше. Аяқ киім артына мынадай із қалдырып отырады.
Е. Жұмабайұлы