Пенжак шынтағындағы жамаудың тарихы

Пенжак шынтағындағы жамаудың тарихы

Ерлердің кей киімдері секілді, пенжактарының шынтақ тұсындағы жамаудың да өзіндік тарихы бар. Ол алғашқы кезде әскери "сән үлгісінде" жүрген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған екен. Неміс әскерлері қарсыластарынан жасырыну үшін үнемі шынтақтарымен жерде жорғалап жүргендіктен, шынтақ тұсы жерге үйкеліп, жыртылып қалатын болған. Киім шыдамды болып, шынтақ тұстарына зақым келмес үшін, өз киімдерінің шынтақтарына қосымша мата қиығын жапсырып тігетін болған. Ертеректе киім бүлінген соң жамайтын болса, кейіннен жаңа формаға арнайы тігіп, бірден жамаумен шығарған.

Бұл ой тіпті, аңшыларды да қатты қызықтырғанға ұқсайды. Олар атуға ыңғайлы болатындай қылып, шынтағын тіреуішке қойғанда, жер бауырлап жүргенде үйкелмес үшін, сонымен қатар, иықтарына мылтық батпау үшін қосымша мата қиықтарын жамаған екен.

Бертін келе бұл әдіс сәнге айналған. Бұны алғаш сәнге әкелген Йель, Дартмут және Айви Лигасы университеттерінің студенттері екен. Уақыт өте келе, IVY стилінің белгісі ретінде әлемге әйгілі бола бастаған. Қазіргі таңда, университет студенттеріне арналған киім үлгісіне ғана емес, жалпы сән үлгісіне айналды. Шынтақ тұсындағы әдемі жамаулар тек спорттық киімдерде ғана емес, сонымен қоса, жейделерде, кардигандарда, сыртқы киімдерде де тігіледі.

Сурет: farm7.static.flickr.com, mycouture.ru, secondstreet.ru,pilgriminfashion.files.wordpress.com, katiya-reut.blogspot.com

Е. Жұмабайұлы