Жігіттерге арналған жаңа кардиган

Жігіттерге арналған жаңа кардиган

Кардиган сіздің гардеробыңыздығы заманауи киімдердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары бұл киімнің танымалдығы арта түсуде.

Кардиган атауы офицер Джеймс Кэрдиганның құрметіне берілген. Қырым соғысында солдаттар осындай тоқыма жакетпен жылынған екен. Әрине ол кезден кейін біраз өзгеріске ұшырады. Бұрынғы ағылшын полкі жүннен тоқылған әскери салтанатты форма кисе, бүгінгі жігіттер жиденің сыртынан классикалық түрде кигенді ұнатады.

Кардиган тек қана жылылық үшін емес, стильді киім ретінде қызығушылық тудыруда. Ол ашық түсті жиденің сыртынан әдемі көрінеді. Оған галстук немесе бабочка тағуға болады. Кардиганның кеңселік дресс-кодтары жақсы сұранысқа ие.

Кардигандарды кез келген түстегі футболкамен киюге болады. «Кардиган тек орта жастағы адамдарға арналған» деген әңгіменің де болғаны рас. Алайда сәнгерлердің ұсынған жаңа нұсқасы көпшілік көңілінен шығып отыр. Кез келген еркек өзіне ұнаған түрлі үлгідегі кардигандарды таңдай алады.

Не себепті кардиганды кез келген жастағы ер адамдар кие алады? Біріншіден, кардиган әмбебап болып келеді. Сіз оны футболкамен де, джинсымен де кие бересіз. Сіздің еркін образыңызбен киноға, кештерге, тіпті университетке де баруға болады. Кардиганды классикалық жидемен кисеңіз жұмысқа немесе іскерлік кездесуге киіп баруға ыңғайлы. Ал, галстук тақсаңыз мейрамхана, кафелердегі кездесуге дайын болып шығасыз. Ендеше, іске сәт!

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: zhenskiy-sait.ru

Ш. Талап