Әлемдік паралимпиадалық қозғалыс қалай пайда болды?
Паралимпиадалық ойындар – мүгедектігі бар спортшылардың ең беделді, ең құрметті жарысы. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нағыз Олимпиада десек, артық айтқанымыз емес. Жарыс әдетте Олимпиада ойындарынан кейін өтеді, ал жазғы Паралимпиада ойындары 1988 жылдан бері сол спорт нысандарында өтетін болған. Jusan-мен бірге «Шексіз мүмкіндіктер» жобасында біз сізге бұл жарыстар қалай пайда болғанын, бастауында кім тұрғанын және атауы осындай екенін әңгімелейміз.
Бастапқыда ойындар «Сток-Мандевилль» деп аталған – алғашқы Паралампиадалық ойындар дәл осы Сток-Мандевилл британ ауылында өтіпті. «Паралампиадалық ойындар» термині алғаш рет Токиода 1964 жылғы Ойындар кезінде қолданылған. Бұл атау 1988 жылы австриялық Инсбруктегі қысқы ойындарда ресми түрде бекітілді.
«Паралампиадалық ойындар» термині parapledgia терминімен байланысты, яғни аяқ салдығы түсінігімен байланысы болған – дәл осындай ауруы бар адамдар жарысқа қатысқан. Ал кейінірек Ойындарға мүгедектіктің басқа түрлері бар спортшылар қатыса бастады және сол үшін терминді қайта қарауға тура келді. Енді ол «жақын, Олимпиададан тыс» деген мағына береді: ол гректің «рara» демеулік сөзін (жақын, тыс, жақын, параллель) және «Олимпикс» сөздерін біріктірді. Іс-шараны ұйымдастырушылар мүгедектігі бар адамдар Олимпиада ойындарына қатысушылармен қатар және тең дәрежеде жарысатынын атап өтті.
Паралимпиада ойындарының тарихы таңғалдырады: себебі ол Екінші дүниежүзілік соғыстың бүкіл әлем бастан кешкен салдарымен тығыз байланысқан. Көптеген адам қаза болып, олардан шайқаста немесе тылда жарақат алғандар саны күрт артқан, осылайша көптеген жан өмір бойы мүгедектікке тап болды. Бұл адамдардың барлығын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру керек деген міндет болды – осылайша Людвиг Гуттман деген неміс нейрохирургі тарих сахнасына шығады. Ол 1936 жылы еврей болғандықтан Англияға нацизмнің қасіретінен қашқан. Кейінірек ол рыцарь атағына ие болып, «параплегиядан зардап шеккендерге көмектескені үшін» сэр атағына ие болады және мүгедектер қатыса алатын барлық спорт түрі оның есімімен байланысты болады. Бірақ 1944 жылы Сток-Мандевилл реабилитациялық ауруханасының дәрігері Гуттман жұлынның зақымдануымен соғыстан оралған бірнеше британдық ардагерге көмектескісі келіп, оларды спорттық жарыстарға жинады. Сэр Гуттман оңалту теориясы мен тәжірибесіне түбегейлі өзгеріс әкелді, спортқа ерекше назар аударып, оны омыртқасы зақымданған науқастарды физикалық, психологиялық және әлеуметтік оңалтудың ең жақсы құралдарының бірі ретінде бекітті.
Айта кетейік, Гуттман арнайы Лондондағы 14-ші жазғы Олимпиадамен бір уақытта жарыс өткізді – оған осы ойындар арасындағы байланысты атап, жарыстың осы форматын британдық ауруханадан тысқа шығару өте маңызды болды. Алғашқы ойындарға садақ атудан 14 ер адам мен екі әйел қатысты. Бұл спортта жеңіске жету дененің жоғарғы бөлігінің мүмкіндіктеріне байланысты – аяқ-қолы сал ауруы бар адамдар мүгедектігі жоқ әріптестерімен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын болды.
Британ Сток-Мандевилль ойындары жыл сайын өткізіліп отырды, ал 1952 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Ағылшындармен бәсекелесу үшін қауымдастыққа голландиялық спортшылар командасы келіп, ойындарда 130-ға жуық қатысушы болды. Кейінірек, 1960 жылы Римде соғыс ардагерлеріне ғана емес IX Сток-Мандевилл ойындары өтті – олар алғашқы ресми Паралимпиадалық ойындар болып саналды. Осылайша әлемдік паралимпиадалық қозғалыстың қарқынды дамуы басталды, ол көптің назарына түсті. Осылайша, тарихтағы алғашқы паралимпиадалық ойындарды Италияның бұрынғы президентінің әйелі Карла Гронки ашты, ал Рим Папасы Джон XXIII Ватиканда қатысушыларды қабылдады. Ойындарға тек жұлын жарақатын алған және арбамен жүрген спортшылар қатысты. Садақ ату, жеңіл атлетика, баскетбол, семсерлесу, үстел теннисі, жүзу, дартс пен бильярд ойындарынан біріншіліктер өтті. 1976 жылы Швецияның Орнскольдсвик қаласында алғашқы қысқы Паралимпиада ойындары өтіп, оған трек пен алаңда ампутацияланған және көру қабілеті нашар спортшылар қатыса алды.
Людвиг Гуттман мен оның алғашқы қамқоршыларының еңбегі мен табандылығының арқасында бастапқыда мүгедектерді емдеу мен оңалтуға бағытталған жарыстар жоғары деңгейдегі спорттық іс-шараға айналды. 1952 жылы мүгедектерге арналған халықаралық спорт ұйымдарының үйлестіру кеңесі құрылды, 1959 жылы Халықаралық паралимпиада комитеті — International Paralympic Committee болып қайта құрылды. Оның жоғары органы Бас ассамблея болып қала береді.
Паралимпиадалық эмблема – орталық нүктенің айналасында орналасқан қызыл, көк және жасыл түстердің үш жарты шары - үш агитос (латын тілінен agito – «қозғалысқа келтіру», «жылжыту»). Ол алғаш рет 2006 жылы Туриндегі паралимпиадалық қысқы ойындарда қолданылған. Әлем елдерінің мемлекеттік туларында түстері кеңінен ұсынылған үш жарты шар Ақыл-ойды, Денені және Рухты бейнелейді. Сонымен қатар, Паралимпиада туында негізгі Паралимпиада символы бейнеленген – ортасында ақ фонда орналасқан ХПК эмблемасы бар. Ұйымның өз әнұраны бар – француз композиторы Тьерри Дарнидің «Hymn de l' Avenir» («Болашақ Әнұраны») туындысы. Басты паралимпиадалық ұран – «Spirit in Motion» («Рух қозғалыста»).