Жалғыз болудың 5 артықшылығы

Жалғыз болудың 5 артықшылығы
Фото: elements.envato.com

Кейде айналамыздағы жұбы бар адамдарға қызыға қарап, өзімізді тым жалғыз сезінеміз. Бұндай жағдайда адам өзінен мін іздеп, не нәрсенің дұрыс емес екенін түсінгісі келеді. Дегенмен әр нәрсені өз уақыты болатынын естен шығармаған жөн. Оның үстіне жалғыз болудың да өз артықшылығы бар.

Өз бетімен шешім қабылдау
Жұптық өмір — кез келген нәрсені ақылдасып шешу. Өз бетімен, тек өзінің қалуы мен түйсігіне сеніп, шешім қабылдаймайды. Ал жалғыз адам әдетте тәуелкелге барудан қорықпайды.

Өз-өзіне қамқорлық
Ғашық адам әдетте өзінен бұрын сүйіктісін бірінші орынға қояды. Сол арқылы өзіне көңіл бөлуді ұмытып кетеді. Жалғыз жүргенде адам көбірек өз жағдайын жасайды, дұрыс тамақтанады, спортқа уақыт табады.

Өсу
Бұл жұптағы адамдар өспейді дегенді білдірмейді, бірақ жалғыз адамның өсуі жылдам жүреді. Олар өз ойларына, ісіне жиі сараптама жасайды. Жұптық өмір, отбасылы адамдар әдетте тұрмыстың қамына кірісіп кетеді. 

Қорқыныштың аз болуы
Қарым-қатынас та жұмыс сияқты, күнделікті уақыт пен энергияны керек етеді. Жалғыз кезде адам кез келген уақытта бағытын өзгертуден, шетелге кетуден немесе жұмыссыз қалудан қорықпайды. Өйткені, тек олар тек өздері үшін жауапкершілік арқалайды.

Адамдармен араласу
Ешбір шектеусіз адамдармен араласу және оларды тануға қызығушылық таныту мүмкіндігі болады. Көп жағдайда жұп болғаннан кейін ұлдар достарынан, қыздар құрбыларынан алшақтай бастайды. Ал жалғыз адамда ондай шектеу болмайды.

Т. Есқали