Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Психология / Басшы мен лидердің айырмашылығы

Басшы мен лидердің айырмашылығы

Басшы мен лидердің айырмашылығы

Лидер мен басшының функциясы, қасиеті ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғым. Бұл екеуінің ең басты айырмашылығы – басшыны тағайындайды, ал лидер бейресми түрде лидер атанады. Басшының құзыреті өзгелерден жоғары, бірақ ол оны лидер етпейді.

Бағыт

Басшы қызметкерлерге бағыт беріп, оның жұмысының нәтижесіне жауап береді. Ол жұмыс процесіне араласып, тапсырмалардың ретін қадағалайды. Ал лидер әріптестеріне энтузиазммен қарап, оларды шабыттандырады. Жұмысына еркіндік береді.

Мақсат

Басшылар бұған дейін қалыптасқан тұрақты мақсатқа немесе басқа біреудің белгілеп берген межесіне сүйенеді. Ал лидер керісінше мақсатты жағдайға қарай, өздігінен қояды.

Тәртіп

Басшылар қарамағындағы қызметкерлермен иерархиялық қатынас пен құзырет тұрғысында қарым-қатынас жасайды. Ал лидер командасына тең дәрежеде қарайды, олардың әр пікіріне ашық.

Тәжірибе

Басшылар өз тәжірибесі мен білігіне қарай шешім қабылдап, жұмыс істейді. Ал лидер жаңа, бейстандарт, өзгенің тәжірибесінен өткен шешім қабылдайды. Бір проблема шешімін тапса, ол әдейі басқа проблема іздейді. Себебі ол әрдайым ізденіс үстінде.

Психолог Уоррен Беннис лидер мен бастық айырмашылығын сипаттайтын 12 метафора жазған:

1. Басшы басқарады, лидер өзгертіп, шыңдай түседі.
2. Басшы – көшірме, лидер – түпнұсқа.
3. Басшы қолдайды, лидер дамытады.
4. Басшы жүйе мен құрылымға басымдық береді, лидер адамға басымдық береді.
5. Басшы бақылауға ден қояды, лидер сенім артады.
6. Басшының ойы қысқа мерзімді, ал лидер ұзақ мерзімді перспективаға мән береді.
7. Басшы "қалай? қашан?" деген сұрақ қояды, лидер "не себепті?" деген сұрақ қояды.
8. Басшы "Барлығы" деген төмендегі есептің жиынына қарайды, ал лидер көкжиекке қарайды.
9. Басшы еліктейді, лидер жасайды.
10. Басшы қазіргі жағдайды қабылдайды, мойынсұнады, лидер оған қарсы шығып, ұмтылады.
11. Басшы – классикалық қатардағы сарбаз, ал лидер – жеке тұлға.
12. Басшы барлығын дұрыс жасайды, лидер дұрыс нәрселер жасайды.

Дегенмен лидер мен басшының ұқсастығы да бар:

– Басшы да лидер бола алады, лидер де басшы бола алады;
– Басшы да, лидер де билікке ие, бірақ олардың билік ету формасы әртүрлі;
– Басшы да, лидер де қоршаған ортасына әсер ете алады, бірақ мәселе екеуінің қалай әсер ететінінде.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: dribbble.com/Ramotion
Қосылған күні: 14 ақпан, 12:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.