Қолыңызға 86 400 доллар берді, не істейсіз?..

Қолыңызға 86 400 доллар берді, не істейсіз?..
Фото: Kursiv.kz

Қазіргі қоғамда адам баласын бірден-бір қызықтыра алатын және оған барлық қажеттілікті жасап беретін зат – ақша. Тұрмысты сана емес, сананы тұрмыс билеген ғасырда бұл заңдылық болып қала берді.

Ақшаңыз жоқ болса, сыйдан, абыройдан, атақтан, ең соңы бәрінен қағыласыз. Себебі бәрін ұстап тұратын құрал – байлық. Рухани құндылықтың орны ауысып, төрден төмен сырғығалы қашан.

Елестетіңіз, сіздің бір күндік ақша беретін банк жүйеңіз бар. Ол сізге күніне 86 400 доллар береді. Ол ақша бір қызығы сол берілген күні жойылып бітуі керек. Әр күн сайын ол жаңарып отырады. Не істер едіңіз? 86 400 доллар? Елестетіп көрдіңіз бе, армандадыңыз ба? Көз алдыңызға Дубай, Түркия, Париж келді ме? Дүкен біткенді аралап киім алып жүрген сәтіңізді еске түсірдіңіз бе? Бақыттымын деп жар салуға аз қалдыңыз ба?

Ақша шіркін адамға не істетпейді? Тіпті қиялды да шексіз әлемге алып барады.

Сізге берілген жеке банк жүйесінің аты – уақыт. 86 400 доллар деп отырғанымыз 86 400 секунд. Бұл бір күніңіз. Сізге тағдырдан күн сайын осындай ерекше сый беріледі. Сіз соны дұрыс пайдалана біліңіз. Себебі ақшадан құнды дүние ол – уақыт. Әрбір секунд сайын ақша тауып отырғандардың еңбегін ойлаңыз, жұмыс жасаңыз.

Егер сіз өзіңізге берілген осы бір байлықты пайдаланып қалмасаңыз ол қайта қайтарылмайды немесе қайтып келмейді. Бір күнде келеді, бір күнде кетеді.

Дәл қазір қанша долларыңыз қалды? 

М. Ақан