Сағыныштың емі не?

Сағыныштың емі не?
Фото: Pikabu

– Сәлеметсіз бе, дәрігер?! Жанымды қинап жүрген ауруым бар. Үйге қарай аңсарым ауады да тұрады. Қала берді, әлдекімді іздеймін де отырамын. Бұл аурудың емі бар ма?

– Сәлеметсіз бе? Сіз айтқан белгілерге қарасам, сіздікі айықпайтын ауру ма деп қаламын. Дұрыс тексерістен өтпей, сіздің диагнозыңызды қою өте қиын. Бірақ 20 жылдық тәжірибеме сүйенсем, сіз сағыныш дертіне шалдыққансыз.

– Сонда қалай?

– Сағыныш – жан ауруы. Оны өзіңізден басқа ешкім емдей алмайды. 

– Демек емделуі қиын ғой.

– Иә, қиын. Бірақ 2%-дың өзі үлкен жетістік екенін естен шығармаңыз. Әрі сізде алғашқы белгілері ғана байқалады.

– Сағынышты асқындырып алуым мүмкін бе?

– Өмірде мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін.  Сағыныштың белгілерін үш негізге сүйене отырып анықтаймыз. Бірінші – сіздің тәніңіз. Сағынған сәтте жылулық іздеп, жаныңыздағы адамды құшақтауыңыз мүмкін.  Тіпті, адам емес ойыншығыңыздың де есін тандырасыз. Екінші – ішкі жан-дүниеңіз: « Эх, үйде болсам ғой. Анашым не істеп отыр екен? Әкем тамақ ішіп отырған болар» - деген ойлар туындауы мүмкін. Үшіншіні емдеу қиын. Өйткені ол сағыныштан жалғыздық сезіміне өтіп кетеді.

– Онымен күресу үшін не істеуім керек?

– Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Бос уақытыңыз болмасын. Миы ізденістегі адамның сағыну туралы ойлауға уақыты болмайды.

– Бар болғаны осы ма?

– Иә. Әрі мына дәрілерді күніне қабылдауды ұмытпаңыз. Күніне 2 рет «досыңызбен құшақтасыңыз»,  күніне 1 рет «серуендеңіз», сонымен қатар, «адамдармен араласуды» әрбір екі сағат сайын қабылдаңыз.

– Рақмет, дәрігер.

Т. Есқали