Үйленетін қыз іздесеңіз...

Үйленетін қыз іздесеңіз...
Фото: amur.kz

Қазақ он үш жас отау иесі деп, ат жалын тартқан, марғасқа, ақыл мен есі толысқан азаматты айтады. Бұл ендігі әр кезеңге сай айтылған сөз. Өйткені дәл қазіргі уақытта он үш жасар баланы отау иесі деп айта алмайсыз. Олардың жетілуі мен қалыптасуы тегіндегі бабалардың кезіндей емес. Дегенмен жиырма жастан асқаннан кейін жігіттердің үйленгені жөн.

Егер үйленемін, үй боламын деп бел байлаған болсаңыз мына дүниелерді ескеріңіз:

Қыздардың бәрі бірдей емес, бірақ бәрі жаман деген сөз жоқ.

Үйленетін қыз басқа, жүретін, сөйлесетін қыз басқа деп олардың үш топқа бөліп қараудың қажеті жоқ. Себебі олар табиғат жаратқан жаратылыс. Тек мінезі сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ оған қарап жаман-жақсы деп бөлуге болмайды.

«Түнгі клуб жағалаған қыз – жаман, үйде отырған қыз – жақсы» деген түсінік бар. Әрине түн кезіп жүрген қызды кім ұнатсын, бірақ алданып қалмаңыз. Адам аласы ішінде. Үйде отырмын деп жамандық жасауы да мүмкін.

Қыз баланың келбетіне қарау маңызды. Бірақ оны сұлу емессің деп өзіне айтудың қажеті жоқ. Көрікті әрі келбетті, ажарлы қыз әрдайым сіздің көңіліңізді тоқ қылары анық. Жүрек көзі мен ақыл көзін ұмытып кетпеңіз.

«Болашақ жарым болатын қыз мынау» деп, үйір ішінен байталды тапқандай таңдау жасамаңыз. Сөйлесіңіз, көріңіз, келісіңіз. Бұл өте маңызды.

«Бұл қызбен үйленем, алдай тұрсам да ештеңе етпес, аңқау ғой» деп кері тартпаңыз. Өйткені қыздың қырық айласы бар. Ол да сізді алдауы мүмкін. Тек сіз өмірі біле алмай өтесіз. Ал жігіттер тез білдіріп қояды.

«Мен үйленетін қыз әлі кездескен жоқ» деген сөзді ұмытыңыз. Олар қасыңызда жүр, тек бағалаңыз, қадіріне жетіңіз.

Табиғат қыз баласын еріне бағынсын деп, ерге сүйіктісін аяласын деп жаратты. Осы екі заңдылық отбасының берекесі. Заңға бағына өмір сүріңіз!

М. Ақан