Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Психология / Өзін-өзі бағалау. Психологиялық тренинг (нәтиже)

Өзін-өзі бағалау. Психологиялық тренинг (нәтиже)

Өзін-өзі бағалау. Психологиялық тренинг (нәтиже)

Өзін-өзі бағалау – өзгелердің пікірі арқылы және өзіне сырт көзбен қарау арқылы деңгейін анықтай алуы. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Өзін-өзі бағалауы тұрмыстық жағдайға, білім дейгейіне де байланысты болуы мүмкін. Адамның өзіндік «Мені» жоғары болғанда ғана өзін-өзі бағалауы да жоғары деңгейде болады. Ал «Мен» шектен тыс көп болса, тәкаппарлыққа тіреледі.

Өзін өзі бағалау деңгейіңізді анықтау үшін кеше осы суреттегі бөлімдерді 1-10 ұпаймен бағалау ұсынылған болатын.

Денсаулық. Денсаулығыңыз қалай? Еш жеріңіз ауырмай ма? Өз денсаулығыңызды неше ұпаймен бағаладыңыз? 8 бе әлде 9 ба? Бұл деңгейде болу үшін соңғы рет дәрігердің тексерісінен қашан өткеніңізді еске түсіріңізші. Денсаулығыңызда сіз білмейтін ақаулар да бар шығар, кім біледі? Қарсы айтар уәжіңіз болмаса, қойған ұпайыңызды түсіруге тура келеді. Мүмкін 5 не 6 шығар.

Білім. Бұл бөлім неше ұпаймен өлшенді? Бәлкім 7-8 берген шығарсыз. Диссертация қорғап па едіңіз? Бар кітаптың барлығын оқып, шетіне жеттіңіз бе? Әлем әдебиетінен ше? Салт-дәстүрден не білесіз? Тым құрығанда анаңыз білетіннің барлығын сіз де білесіз бе? Алда білуіңіз керек жайттар және осыған дейін білгеніңіз – қайсысы көп? Мүмкін бұл бағаны да азайтарсыз.

Ақша. Тапқаныңыз толыққанды өмір сүруге жете ме? Келесі табыс түскенше артыла ма, жетпей қала ма? Ата-анаңызға ақша жіберіп тұрасыз ба? Ал қайырымдылыққа қанша бөлігін арнайсыз? Алдыңғы қойған ұпайды өзгерткіңіз келе ме?

Үй... Мансап... Демалыс... Осылай жалғаса береді. Барлығына енді өзіңіз сын көзбен қарап, шын бағасын қойып көріңіз. Барлық ұпайды қосып есептеңіз. Алдыңғы есебіңізден аз ба, көп пе?

Көзбе көз отырған адамға кемшіліктерін айтып, өзін өзі бағалауын төмендетсе, әңгіме 2-3 сағатқа да созылуы мүмкін. Оқырмандармен виртуалды өмірде ой бөліскендіктен осылай қысқа қайыруға тура келеді. 

Көпшілігінде өзіне қойған ұпайы дереу құлдырайды. Демек тренинг те мақсатына жетеді. Ал бұл талаптарға қарсылық танытып, осы өміріме ризамын дейтін болса, өзін өзі бағалау деңгейі тұрақтанып, өз орнын біледі деген сөз. Аталған он қажеттілік ішінде білімнен басқасына қанағат, шүкіршілік деп, берген бағамызды түсірмеуге де болар еді.

Ал сіздің соңғы ұпайыңыз неше болды?

3046 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 19 сәуір, 19:22
Пікірлер
+0
19 сәуір, 23:50

75 болды.

Бірақ мен студент болгансон болашакта осылай болады деп бірәзін ойымнан белгіледім.

Ал жауабын білейін деп оқысам, тырнақтың астынан кір іздеген сияқты жазып қойыпты (артық кеткен болсам кешіресіздер) Мен денсаулығымды тексеруге қашан барғаным есімде емес бірақ мен 8 деген баға қойдым өйткені : өзімнің жағдайымды 100% білмесемде, осы жағдайыма шүкіршілік қылып қойған бағам.

Сол сияқты оны төмендетіп емес, қазіргі жағдайым осындай немесе осындай болады деп көтерген, сеніммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

+0
19 сәуір, 23:50

75 болды.

Бірақ мен студент болгансон болашакта осылай болады деп бірәзін ойымнан белгіледім.

Ал жауабын білейін деп оқысам, тырнақтың астынан кір іздеген сияқты жазып қойыпты (артық кеткен болсам кешіресіздер) Мен денсаулығымды тексеруге қашан барғаным есімде емес бірақ мен 8 деген баға қойдым өйткені : өзімнің жағдайымды 100% білмесемде, осы жағдайыма шүкіршілік қылып қойған бағам.

Сол сияқты оны төмендетіп емес, қазіргі жағдайым осындай немесе осындай болады деп көтерген, сеніммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

+0
20 сәуір, 12:58

Соңына дейін мұқият оқысаңыз, "Ал бұл талаптарға қарсылық танытып, осы өміріме ризамын дейтін болса, өзін өзі бағалау деңгейі тұрақтанып, өз орнын біледі деген сөз" деп жазылған еді.

Демек, сіздің самооценкаңыз жоғары әрі нақты екен, жарайсыз..)

+0
21 сәуір, 17:00

55 шыкты оз есебиб бойынша...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...