Жігітім хабарсыз кетті

Жігітім хабарсыз кетті
Фото: Бекзат Кадирбеков

Қыз бен жігіт жүріп жүргенде не жай жақын араласып жүргенде біраз уақыт аралары үзіліп қалатын кез болады. Қыз өзін жігіттің алдында төмендеткісі келмегендіктен, намысы жібермей, бірінші болып хабарласуға бата алмайды. Жігіт не үшін хабарласпағанын ойлап-ойлап шеше алмай, қашан өзі хабарласқанын күтіп жүреді. Тіпті қыздар қауымы өзі ұнатпайтын жігіттің де сезімін білдіріп жүріп, біраз уақыт хабарсыз кетіп, қайта қоңырау шалып тұратынын түсінбейді.

Қыздардың ойы түсінікті болса, жігіттер хабарласпай кетуінің себептерін қарастырып көрейік.

Бірінші. Қыздар түсінгісі келсе де, түсінуге тырысса да түсіне алмайтын жай бар. Олар біреуді ұнатса, күндіз-түні жатса-тұрса соны ойлап, аузын ашса соның атын атап, есінен бір сәтке де шығармайды. Сәйкесінше қайта-қайта хабарласып, не істеп-не қойып жүргенін біліп отырғысы келеді.

Ал ісінің жауабына жігіттерден мұндай әрекет болмаған соң, ол да мен сияқты сүйетін болса, неге іздемейді деп мазасы кетеді. Мұның бір ғана жауабы бар. Жігіт пен қыз сүю сезімін екі түрлі сезінеді. «Сүйген адам жиі-жиі хабарласады» деген қатып қалған қыздардың ойы жігіттерге сәйкес келмейді. Сол себепті бірнеше апталап хабарласпай жүру де олар үшін әдеттегі, үйреншікті жағдай.

Екінші. Демалғысы келеді. Сағат сайын қайда жүргенін сұрап қоңырау шалғаннан, минут сайын не істеп жатқанын сұрап хабарлама жібергеннен жігіттер тез жалығады. Сондай кезде бірнеше аптаға ешкіммен сөйлеспей, миын тынықтырғысы келеді. Сағынып, сағындырып бір хабарласқанды жөн санайды. Бірнеше сағаттан хабарласпай қалсаң «мені іздемейсің» деп қызға тән наз білдіретін жігіттер де кездеседі. Ұсақ-түйекке бола ренжісіп қалмас үшін, алдын ала осы жайттарды талқылап, келісіп алған жөн.

Үшінші. Өзі хабарлассын деп күтеді. Бұл қыз намысын бағаламайтын, өзіне сенімсіз жігіттің әрекеті. Өкінішке орай, жігіттің бойынан осындай қасиет табылса, амал жоқ, 5-7 күннен кейін қыз өзі хабарласып, дәл осындай ойда екеніне көз жеткізу керек.

Жалғасы...

@. @assel_assanova