Жігіттер статистикасы

Жігіттер жайлы қызықты фактілер топтамасын жалғастырайық.

Бойдақ жігіттердің жартысынан көбі 27 жасына
дейін ата-анасының үйінде тұрады екен. Ерлердің 60%-ы қыз танысуға ниетін білдірсе, қуанышты болады. Жігіттерге онымен келіспей, өз ойын айтуға қорықпайтын қыздар көбірек ұнайды-мыс. Жігіт неғұрлым жас болса, соғырлым істері ессіз болады. Олардың бұзақылығы 25 жасқа қарай тоқтайды екен. Жігіттер қыздармен алғашқы қоңырауларын 10 минуттан арттырмауды дұрыс санайды. Бойдақ жігіттердің үштен екі бөлігі тұрақты қарым-қатынас жайлы армандайды екен. Жігіттердің үштен бірі өмірінде бір рет болса да қызға өтірік айтқандарын мойындайды. Жігіттердің көбісі үйленуге ең жақсы кез 25-30 жастың аралығы деп санайды.  Шын мәнінде олардың жартысынан көбісі 25 жасқа дейін үйленіп қояды. Енді айырылысқан жігіт қыздан гөрі жаңа қарым-қатынасты тезірек табады екен. Бұл жігіттердің қыздармен салыстырғанда жалғыз қала алмайтынына байланысты. Жігіттердің 70%-ы үйленбеуінің себебі ретінде өзінің жеке пәтерінің болмауын көрсетеді.  Бойдақ жігіттердің үштен бірі өзін нағыз романтик деп көрсетеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: globuslife.ru