Дежавю неден болады?

Дежавю неден болады?
Фото: www.youtube.com

Жер шарында тұратын адамдардың 60-80 пайызы өз өмірінде бір рет болса да дежавюді сезінген. Яғни, болған оқиғаны бүге-шүгесіне дейін екінші рет көрген сияқты сезімде болған. Төменде біз сіздерге дежавюдің неден болатыны туралы ғалымдар арасындағы қалыптасқан теорияларды ұсынбақпыз.

Қателік

44d5100000000000

Біздің ми жүйемізде қандайда бір тұйықталу болуы мүмкін. Мидағы сенсорлық кіріс шектен тыс толып, есте сақтау қабілеті шатаса бастайды.

Еске салу

74d5100000000000

Сіз өзіңізге маңызды дүниені есіңізге түсіріп жатырсыз. Сіздің миыңыз ол заттың иісін, дауысын есте сақтап қалған. Бұл бір нәрсені екінші рет көрген секілді сезім қалдырады.

Естелік

84d5100000000000

Сіз бір оқиғаны жақсы есте сақтап қалғансыз. Екі нәрсе бір-біріне қатты ұқсайтын болса, адамның миы болып жатқан оқиғаны соған ұқсата салады.

Дабыл белгісі

55d5100000000000

Егер сіздің эпилепсияңыз болса, онда дежавю эпилепсия болардың алдында самай тұсындағы мидың бөлігінде белсенді болады.

Шеттен келетін ақпараттардың тым көп болуы

c5d5100000000000

Сіздің миыңыз шамадан тыс жұмыс істеген. Адам бір затты алғаш көрген кезінде бір жақ самай миы жұмыс істейді, ал екінші рет көрген кезде самай мидың екінші жағы іске қосылады. Екі жақ мидың екеуі де гиппокампқа мәлімет жібереді. Егер ми бір уақытта ақпарат тарататын болса, адам миы шамадан тыс жұмыс істеген болады. Бұл адамды шатастыруға алып келеді.

Ауысып кеткен құжат

16d5100000000000

Егер сіздің миыңыз келіп түскен ақпараттарды алмастырып алса, адам міндетті түрде дежавю әсеріне енеді. Мысалы, ми қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіне сақтау керек ақпаратты ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетіне сақтап қояды.

Қатты қобалжу

46d5100000000000

Сіз өте қатты мазасызданып тұрсыз. Ғалымдар мұндай қорытындыға өзін үнемі дежавю әсерінде сезінетін британдық әйелге жасаған зерттеуінде келген. Әйел кез келген нәрсені көрген сияқты сезімде бола береді екен. Нәтижесінде зертеушілері оны қобалжудың шектес тыс  көп болуы деп түсіндірген.

Байланысу қиындығы

e4d5100000000000

Миыңыздың бір-бірімен байланысуда қандайда бір қиындығы бар. Бастың екі жақ бөлігі жұп болып жүреді. Кей сәттері мәліметтер толығымен жете бермейді. Ғалымдардың айтуынша, мағлұматтар соның кесірінен жол жөнекей кідіріп қалады екен. Адам дежавюді бір ақпараттың бір миға екі рет баруынан көреді. Біріншісінде ми ақпаратты сыртқы тітіркендіргіштерден алса, екіншісінде екінші  ми бөлігінен алады.

Жалған естеліктер

56d5100000000000

Шизофрения ауруына шалдыққан адам бір нәрсені жасаған сияқты сезімде болады. Бұл құбылыс дежавюге қатты ұқсайды. Мұны көп адам дежавю ретінде қабылдайды.

Н. Нұрмаханұлы