Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер #2

Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер #2

Балаға тәрбие беріп, тура жол сілтейтін – әке. Құрғақ ақыл мен жөнсіз таяқ баланы түзей алмайды. Қисайған ағашты түзеу қиын, ал түзу өсіру оңай. Сондықтан бала кішкентай күннен бастап, жасына сай оған дұрыс бағдар беріп отыру керек. Әрбір заманауи әке төмендегі кеңестермен баласын тәрбилеуге міндетті. Ендеше, бала тәрбиесін үйренуді жалғастырайық.

Басы...

15. Көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созудың да дұрыс екендігін айта жүріңіз.

16. Өз денсаулғының қадірін уақытында ұғуды үйретіңіз. Салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтанудың жөн екенін айтыңыз.

17. Ішімдік пен шылымнан алдымен өзіңіз ары болыңыз, сосын оны да бұл зиянды нәрседен арашалап жүріңіз.

18. Көп кітап оқытуға тырысыңыз. Қызығушылығы болмаса, мысалдар арқылы санасына құйып отырыңыз.

19. Киім таңдағанда жарасымдылықты алдымен ойлау керектігін айтыңыз.

20. Сұхбаттасып тұрған адамның үнемі көзіне қарап сөйлеу керектігін айтыңыз.

21. Уақытымен ұйқыға жатып, таңды спортпен қарсы алудың пайдасы зорын түсіндіріңіз.

22. Ай сайынғы жалақының бәрін жаратып тастау – нағыз ақымақтың ісі екендігін ескертіңіз. Ер адамда болашағына арналған ақша қоры болуы міндетті және маңызды.

23. Алыста жүргенде ата-анаға хабары мен жағдайын айтып, кем дегенде аптасына екі рет қоңырау  шалып хабарласып тұруы міндетті екендігін айтыңыз.

24. Ешқашан резеңкесі бар галстук тақпауға және галстукты тіс жуып болған соң ғана тағуға кеңес беріңіз.

25. Френдзонадан нашар жігіттер емес, ішті пыстыратын жігіттер шыға алмайтынын да айта жүріңіз.

26. Әлеуметтік мәртебесіне қарап адам таңдамауға және бәріне бірдей көзқараспен қарауға үйретіңіз.

27. Үнемі қыз баласын сыйлауды, ренжітпеуді үйретіңіз. Ол үшін өзіңіз де ұлыңыздың көзінше оның анасы мен әпке-қарындастарына, сонымен қатар өз анаңызға жұмсақ болыңыз.

28. Сылтау айтуға дағдыланбау керектігін айтыңыз. Сылтау – әлсіздің тығырықтан шығар жолы.

29. Ең бірінші ашуланып, эмоцияға тез берілген адам жеңілетінін айтыңыз.

30. Тура жолмен жүріп те өмірдің қызығына батуға болатындығын түсіндіріңіз.

31. Жағдайға қарай жомарттық танытуды және тиісінше ақша үнемдеу жолдарын арнайы оқытыңыз.

32. Қасына әрдайым сенімді адал достардың жүргенін қадағалаңыз. Дос деген аты бар жүз жігіттен, нағыз адал он дос артық екендігін түсіндіріңіз.

33. Өмірдің бір асау теңіз екендігін түсіндіріңіз. Адам өмірде кез келген жағдайға дайын болуы керектігін және болған істе болаттай берік болу керектігін айта жүріңіз.

34. Жар таңдағанда мұқият болу керектігін де айтыңыз. Асығыстық танытып өкінетін шешім қабылдап қоймауын қадағалаңыз. «Сүйдім» деп тек сезімге ғана ерік беріп, ақылды ары қоюдың қажеті жоқтығын түсіндіріңіз.

Әрине, ол үшін ең алдымен өз-өзіңізді жөндеп алыңыз. Өзіңіз түзелмей ұлыңызға дұрыс бағдар бере алмайсыз. Саналы ұрпақ өсіру үшін тыңдайтын құлақ, ұғатын сана болса, жоғарыдағы кеңестердің маңызы зор.

Сурет: pearlsofprofundity.wordpress.com  

А. Әбілхан