- Негізгі бет
- Бозбала
- Наполеон француз тілінде...
Наполеон француз тілінде сөйлей алмаған
Ұлы француз қолбасшысы, реформатор Наполеон Бонапарт француз тілінде сөйлей алмаған. “Мүмкін емес”– дерсіз, бірақ, бұл – шындық.
Наполеон 1769 жылы 15 тамызда Корсика аралында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Ол уақыт Корсиканың Францияға қосылуының соңғы кезеңіне сәйкес келді. Болашақ императордың туған тілі итальян тілінің корсикалық диалектісі болатын.
Бонапарт француз тілін тек он жасқа аяқ басқан кезде ғана үйрене бастаған. Себебі, ол Бургундиядағы Отен қаласына Бриен әскери мектебіне дайындық жасау мақсатында аттандырылған болатын. Жас офицер әскери қызметін өтей бастаған кезде айқын акценттің кесірінен оның бұйрықтары түсініксіз естілетін. Ал, Бонапарттың жазбаша бұйрықтары да үнемі қателерге тұнып тұратын. Император өмірінің соңына дейін туған-туыстарымен итальян тілінде сөйлескен.
А. Оралқызы