Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Спортзал / Жүгіру алдындағы 5 жаттығу

Жүгіру алдындағы 5 жаттығу

Жүгіру алдындағы 5 жаттығу

Жүгіру – адам денсаулығына пайдалы жаттығулардың бірі. Десе де жүгірмей тұрып арнайы жаттығулар жасап, денені қыздырып алған дұрыс. Әсіресе жүгіру алдында тізеге арналған жаттығуларды орындау қажет.

Жүгіруді жылдам бастап кетуге болмайтынын спорт мамандары әуел бастан ескертіп келеді. Жақында Жапонияның Ракуно Гакуэн университетінің ғалымдары жүгіру алдында жасалуы тиіс 5 жаттығу түрін атады. Бұл жаттығуларды жүгіру алдында орындап жүрген адамдар оқыс қозғалыс кезінде жарақат алмай, өз нәтижесін жоғарылата түседі екен. Олай болса сол 5 жаттығу түрімен таныс бола отырайық.

1. Жамбас жазу жаттығуы

Алға қарай 45 градуста иіліп, тізені бүгіп көкірек тұсына тигізіңіз. Артынша жиған тізеңізді (артқа қарай тепкен секілді) артқа қарай жылдам жазыңыз.

2. Жіліншік жазу жаттығуы

Тік тұрған бойда тізеңізді бүгіп, бөксеңізге жеткізе бірнеше минут ұстап тұрыңыз. Артынша екінші тізеңіздің жіліншігіне де осы жаттығуды жасаңыз.

3. Сан бұлшықеттерінің жаттығуы

Тік тұрған қалыпта тізеңізді көкірегіңізге тигізіп, бірнеше рет қайталаңыз. Одан кейін екінші тізеңізді де көкірегіңізге жеткізе орындаңыз.

4. Бел мен жіліншік жаттығуы

Тік тұрған қалыпта бір аяғыңызды беліңізбен бірдей деңгейде ұстап, тізеңізді бүгіп-жазу жаттығуын жасаңыз.

5. Табан сүйектерін жазу жаттығуы

Бір аяққа тұрған қалыпта, екінші аяғыңызды көтеріп саусақтарыңызды бүгіп-жазыңыз.

Жүгіру алдында отырып-тұру жаттығуын жасауды да естен шығармаңыз. Сондай-ақ, жүгіру алдында тізеңізді жоғары бүккен бойда қолыңызбен қапсыра ұстап, бір аяқпен тұру да пайдалы.

Фото: mhealth.ru
Қосылған күні: 05 қаңтар, 15:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.