Жаттығу кезіндегі қолайсыздықтың алдын алу

Жаттығу кезіндегі қолайсыздықтың алдын алу
Фото: byenrique.files.wordpress.com

Жаттығу кезінде басыңыз айналып, жүрегіңіз айнып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, өзгелердің алдында ыңғайсыздыққа тап боларыңыз анық. Міндетті түрде мұның себебін біліп, алдын алу керек. Олай болса, біздің кеңесімізге құлақ түріңіздер.

Денеге күш түскенде бұлшықет дірілдеп, тартылуы

Бұны медицина тілінде бұлшықет фасцикуляциясы деп атайды. Бұлшықет ұлпасы шаршаған кезде ағзадағы электролиттер теңгерімі өзгереді. Соның әсерінен бұлшықет тартыла бастайды.

Оның алдын алу үшін:

Жаттығуға дейін және жаттығу кезінде көп мөлшерде суық су ішу қажет. Су бұлшықеттегі электролитті бірқалыпты ұстап тұрады. Терлеген кезде ағзадағы калий, натрий секілді тұздар термен бірге бөлініп отырады. Сол себепті, оларды теңшеу үшін құрамында калий, натрий бар су ішкен абзал.

Көздің жасаурауы

Жұмсалған физикалық күштен сезім мүшелеріне қысым түседі. Бұл мұрын ащып ауруына әкеп соқтырады. Тіпті, көзіңіз жасаурап, түшкіруіңіз мүмкін.

Алдын алу үшін:

Ауасы тазартылған залда жаттыққан жөн. Және аллергияға қарсы спрей ала жүру керек.

Терінің қышуы

Жаттығып жүргенде қозғалған әр бұлшықетке жүрек мол қан таратады. Бұл жағдайда қылтамырлар созылып, жүйке жүйесіне әсер етеді де, тері қышиды.

Ондай жағдай болдырмас үшін:

Үнемі жаттығып жүру қажет. Сол кезде ғана ми да жаттығуға толық үйренеді.  Егер жаттығуға біраз үзіліс салып барар болсаңыз, тері де көп қыши беретін болады. Ол асқынған жағдайда дәрігерге барып көріну керек. Өйткені, физикалық күштің әсерінен теріге есекжем (крапивница) шығып кетуі мүмкін.

Жүректің айнуы

Бұл тек екі жағдайда ғана болады: бірі – ішектен қан бөлінуі, екіншісі – асқазандағы азықтың шамадан тыс «шайқалауы». 

Оның алдын алу үшін:

Жүрегіңіз неден айнығанын есіңізге түсіріңіз де, келесі жолы бұл тамақты жаттығу алдында жемеуге тырысыңыз. Жаттығуға барар алдына көп көкөніс жемеңіз. Спортқа арналған энергетикалық сусын, лимонад секілді сусындарды ішіп тұрыңыз.

Бастың айналуы

Тігіңізден тұрғанда қанның аяққа тасымалдануынан, дененің қатты қызуынан немесе орындап жатқан жаттығуды бірден тоқтатқаннан болады. Негізінен, денеңіздің формасы қалыпты болған сайын, бас жиі айналады. Күнделікті жаттығу жүрек қарыншасының көлемін ұлғайтып отырады. Бұл жақсы нәтиже. Бірақ, бұның әсерінен тігінен тұрғанда аяқ қанайналымы тежеледі.

Оның алдын алу үшін:

Тоқтаусыз жаттығу жасаңыз не жаттығудан кейін отырып демалыңыз. Ағзадағы қанайналымы бір ретке келуі тиіс.

Бақайдың ұюы

Бұл аяқ киімнің тарлығынан болуы мүмкін немесе жаттығу кезінде аяқтың ісінуінен бақай қысыла бастайды.   Тағы бір себебі бақайдағы жүйкенің қабынуы.  

Оның алдын алу үшін:

Ағзадағы қанайналымы жақсы болсын десеңіз, бақайларды да үнемі қимылдатып жүріңіз не аяқ киіміңізді ауыстырыңыз.

Е. Жұмабайұлы