Жазушы Фицджеральдтың шаш үлгісі әлеуметтік желіде талқыға түсті

Жазушы Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың өмірден өткеніне 77 жыл болса да, осы күнге дейін ешкім оның "біртүрлі" шаш үлгісіне мән бермепті. Ол туралы әңгіме твиттер әлеуметтік желісінде басталды. Желі қолданушыларының бірі жазушының суретін салып, оған: "Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың шаш үлгісі осындай болғанына сене алмай отырмын. Бұл туралы осы күнге дейін неге ешкім ештеңе айтпаған? " - деген комментарий қалдырған.

Қалғандары болса мұны іліп әкетті. Әрине, қалжың үшін.