Máńgilik El Daýysy: Республика күнінде Қайрат Нұртаспен бірге ән шырқа

Бүгін Máńgilik El Daýysy ұлттық музыка шоуы өтетін күн! Сахнада ән шырқайтын әртістердің арасында еліміздің ең танымал әншісі Қайрат Нұртас та бар!

Әртіспен бүгін, дәл қазір ән шырқауға болады! 25 қазан күні сағат 19.00-де Астана қаласында Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық музыкалық шоу өтеді. Республика күніне арналған шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдаушысы – Alash Media Group холдингі.

Қайрат Нұртас – "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Муз-ТВ арнасы жариялаған "Қазақстанның үздік жыл әртісі" премиясының иегері. Әншінің әндері халықтың жүрегін жаулағалы қашан! Тіпті, шетелде де танымал.

Бүгін Қайрат Нұртаспен бірге ӘMRE, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik және Ayree сынды әншілер де бірге ән шырқамақ.

Думанды ән кеші толықтай live-жанды дауыс форматында өтеді. Жанды ән кешін Әділжан Төлекпаевтың басқаруымен Saz & Soul тобы сүйемелдейді.

Сағына Өмірбайұлы, Айгерім Тлеубек, халықаралық байқаулардың лауреаты Алтыншаш Мұқатаева сынды жас, талантты әншілер өнер көрсетпек. АRTballet би ұжымы мың бұралып би билеп, DJ Puza музыкалық сет ұйымдастырмақ.

Кештің жүргізушілері – Жансерік Бейсекеев пен Сағыныш Әбікей.

Көрерменнің көңіл көтеріп, ән шырқауы үшін бар жағдай жасалған. LED-экранға әннің сөзі шығып тұрады. Арнайы фотоалаңдар, концерт залы фойесінде қызықты, белсенді демалыс орындары ұйымдастырылады.