Бруклин Бэкхемнің денесінде әйеліне арналған неше татуировка бар?

Бруклин Бэкхемнің денесінде әйеліне арналған неше татуировка бар?
Фото: hellomagrussia.ru

Дэвид Бэкхем мен Виктория Бэкхемнің үлкен ұлы өз сүйіктісіне арнаған татуировка санымен таңғалдырды, - деп хабарлайды Еlle.

Бруклин Бекхэм USA Today-ге берген сұхбатында жан жары Никола Пельтцке арнап қанша татуировка жасатқанын айтып берді.  

Жігіттің айтуынша, оның денесінде әйеліне арналған 70-100 татуировка бар.

«Біз енді ерлі-зайыптымыз, неге ерекше бірдеңе жасамасқа деп ойладым», — деді Бруклин сол қолындағы кезекті естелік суретті көрсетіп. Никола күйеуінің әрекетінен көзіне жас алды. «Мен оған жаңа татуировка арнағанда, ол үнемі жылайды. Мен оған тосынсыйлар жасағанды жақсы көремін».

Бруклиннің денесінде махаббат анты бар екенін айта кетейік: «Тәттім, махаббатым және ең жақын досым, Никола, мен екеуміз үйленетін күнді ұзақ күттім. Бүгін сен менің сыңарыма, отбасымыздың мүшесіне айналасың. Мен әлемдегі ең бақытты адаммын, себебі өмірімізді бірге өткізетінімізді білемін».

А. Жапатова