АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақ өртенді

АҚШ-тағы Майами халықаралық әуежайында бортында 126 адам отырған  ұшақ өртенді, - деп хабарлайды NBC Miami арнасы.

Басылым мәліметінше, өрт ұшақ қонғанда ішіндегі шассидің құлап кетуінен басталған. Авиация департаментінің өкілі Red Air рейсі Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласынан келген.

Plane crash just a few minutes ago at Miami airport caught on camera! (Credit: @PTZtv ) pic.twitter.com/2CimvMhcUy

— WeatherGamer21 (@WeatherGamer21) June 21, 2022

МД-82 лайнерінің бортында 126 адам болған, оның үшеуі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Басқа жолаушылар автобуспен ұшақтан терминалға жеткізілді.

Өртсөндірушілер мен құтқарушылар ұшақтағы өрт тез арада ауыздықталып, жанармай ағуы тоқтағанын айтты.