Жеңілдетілген автонесие: тек екі банк өтініш қабылдайды

Жеңілдетілген автонесие: тек екі банк өтініш қабылдайды
Фото: Тұрар Қазанғапов

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өкілі жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру бағдарламасының қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қор өкілі "Еуразиялық банк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру бағдарламасы бойынша транш бөлінгенін айтты.

Бөлінген лимит мөлшері бойынша: 

- "Еуразиялық банк" АҚ - 10 миллиард теңге;
- "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 7,5 миллиард.

Осылайша, бағдарлама аясында қатысушы банктерге 90 миллард теңге аударылған. Соның ішінде:

- "Еуразиялық банк" АҚ - 25 миллиард теңге;
- "Банк Центр Кредит" АҚ - 27,5 миллиард теңге;
- "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 22,5 млрд теңге;
- Forte Bank АҚ - 15 миллард теңге.

"Бөлінген транш игерілгеннен кейін 10 миллиард теңге көлеміндегі қалған лимит "Еуразиялық банк" АҚ-на бөлінеді. Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллиард теңгеге 10 888 өтінішті мақұлдап, 4 847 көлік берді", - делінген хабарламада.

Жалпы сомасы 90 миллард теңгенің бөлінбеген лимиті 8 миллард теңге болған. Бұл сома шегінде автонесие алуға өтініштерді тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерген. 

Қор қызметкері жаңа автонесиелерді одан әрі беруді қатысушы банктер бастапқы қарыз алушылардың өтелген кредит төлемдері есебінен револьверлік несиелеу механизмі шеңберінде жүзеге асыратынын айтты.

Ж. Қадыржанова