WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерін жасаушылар чаттарда аудио хабарлама жазып жатқанда, оны тоқтатып қоятын функцияны жаңартты, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі WABetainfo сайтына сілтеме жасап. 

Чат хабарламаларына реакция қалдыру функциясынан кейін WhatsApp дауыстық хабарламаны тоқтатып қойып, кейін жалғастыруға мүмкіндік беретін тетік шығарды.

"Бұл функцияны пайдалану үшін дауыстық хабарлама жіберіп жатқанда, үзіліс түймесін басу керек, соның арқасында дыбыс жазу тоқтап, оны кез келген уақытта жалғастыра аласыз. Өткен жаңартудан айырмашылығы - қолданушылар аудионы тыңдап қана қоймай, оны жібермес бұрын жазылған хабарламаға бірнеше рет түзету енгізе алады", - делінген хабарламада.

Бұл функция Android, iOS және үстел компьютерінің 2.2223.11 нұсқасы үшін бета нұсқада бар.