Жауапкершіліктен жұрдай блогерлер бүгінгінің батырына айналды - Тоқаев

Жауапкершіліктен жұрдай блогерлер бүгінгінің батырына айналды - Тоқаев
Фото: Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіптің кепілін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Заң мен тәртіп - ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуға тиіс.

Жалпы, отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек. Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді", - деді Мемлекет басшысы", - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, Президент орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс екенін атап өтті. "Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керегін баса айтты. 

Е. Төлеш