Қазақстан – өз вакцинасын ойлап тапқан санаулы елдердің бірі

Қазақстан – өз вакцинасын ойлап тапқан санаулы елдердің бірі

Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы елдердің бірі. Осылай деді  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында.

"Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазіргі QazVac-қа өзге мемлекеттердің де сұранысы бар. Елімізде вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Мемлекеттердің кейбірі бұған қол жетпей отыр", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа бір штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттердің пайда болатынын айтуда.

"Біз оның қашан келетінін күтіп отыра алмаймыз. Осындай қиын жағдайға бейімделіп, ары қарай дамудың жолын табуымыз керек. Вакцинаны сатып алу аса маңызды. ДДҰ тіркеген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сондай-ақ бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе салдыру жүйесіне дайындаған жөн. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құру қажет. Осыған сай заң жобасын қабылдауымыз керек", - деді сөз барысында  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ. Слямбек