"Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму перспективалары" атты балалар дәрігерлерінің IX съезі өтті

"Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму перспективалары" атты балалар дәрігерлерінің IX съезі өтті

2021 жылғы 21-23 сәуір аралығында "Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму перспективалары" атты Қазақстан балалар дәрігерлерінің IX съезі өтті. Аталмыш іс-шараға АҚШ, Чехия, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да алыс-жақын шетелдердің мамандары, сондай-ақ педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы отандық ғалымдар мен дәрігерлер қатысуда. Коронавирустық инфекцияны (COVID-19) таратпау мақсатында съезд онлай режимде ұйымдастырылды.

"А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО" АҚ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Баймаханов Б.Б. осы съезде "Балалардағы билиарлық атрезияны диагностикалау және емдеу" тақырыбында баяндама жасады.

Торакальды және балалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Б.К. Ширтаев съезге қатысушылардың назарына "Балалардағы өңеш хирургиясы" атты баяндаманы ұсынды.

Форум аясында неонатология, онкогематология, соматикалық патология және балалар хирургиясының даму бағыттарына қатысты заманауи педиатрияның ең өзекті мәселелері бойынша секциялық отырыстар өткізіліп жатыр. Форум барысында қатысушылар үш күн бойы нәрестелер мен балалар өлімін одан әрі төмендету; перинаталдық патологиялардың алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша жаңа тиімді технологияларды енгізу; балалар онкологиясы мен гематологиясын, инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу; хирургиялық патологиясы бар балаларға жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мәселелері бойынша пікір бөлісіп және тәжірибе алмасады.

Н. Үсенова