"Мемлекеттік құпиялар туралы" ҚР Заңы бекітілгеніне 22 жыл толды

"Мемлекеттік құпиялар туралы" ҚР Заңы бекітілгеніне 22 жыл толды

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Заң Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жылы 15 наурызда бекітілді. Бүгінде Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік құпияларды қорғау шебінде жеке дара департамент қызмет етуде.  

Заңда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың бірыңғай жүйесі белгіленген. Бұл Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекеттік құпияларды қоғау және оны заң тұрғысында реттеу саласында, мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету, маңызды элементтің бірі болып табылады. Ақпаратқа иелік ету – қоғам мен бәсекелестікті басқару құрылғысы. Ақпараттық технология ғасырында құпияларды жасыру қиындық туғызуда. Сол себепті әрбір әскери қызметшінің заң нормаларын қатаң сақтауы, еліміздің қорғаныс қабілетін ұйымдастыру бойынша өткізіліп жатқан шараларды құпияда ұстаудың кепілі, –  дейді Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің басшысы, полковник  Ильнұр Бисембаев.

Осы атаулы күнде құрылымдық бөлімше мемлекеттік құпияларды сақтау ісіне елеулі үлес қосқандарды құрметтейді.

Н. Үсенова