"Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Бүгін "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Сыйлық 11 номинация бойынша табысталып, жеңімпаздар 1 миллион теңге сыйақыға ие болды.

"Үркер-2020" жеңімпаздары:

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Tengrinews.kz порталы

Жыл репортажы: Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жыл аналитикалық материалы: Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Радиостанциядағы үздік жоба: "Эфирде 102 FM" бағдарламасы, "Atyray" радиостанциясы

Жыл газеті: "AQ JOL" Жамбыл облыстық газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Михаил Козачков, "Время" газеті

Жылдың үздік танымдық материалы: Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА

Жыл фотосуреті: Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

Жыл сұхбаты: Гульбаршын Сабаева, "Егемен Қазақстан" газеті

Жыл журналы: "Жұлдыз" журналы

Шерхан Мұртаза атындағы номинация: Қайнар Олжай, "Qazaqstan" ұлттық арнасы

Сонымен бірге "Қазинформ" халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойына арналған сыйлықты Моңғолиядағы қазақ тілді kaznews.mn порталы иеленді. Ал "Казахстанская правда" газетінің 100 жылдығына арналған арнайы сыйлық осы газеттің бас редакторы болған Татьяна Костинаға табысталды.

"Үркер" сыйлығы 2017 жылдан бері баспа, радио және интернет-журналистикадағы үздік жұмыстарға, редакцияларға беріліп келеді. Биыл байқаудың 11 номинациясы бойынша 470 өтінім түскен.