Онлайн жасайық: қаржыны 24/7 басқару үшін кәсіпкерге не қажет?

Жеке бизнес – еркіндік пен тәуекелдің қосар келген жиынтығы, ал кәсіпкерлер – айрықша "self-made" форматындағы адамдар. Олар ешқандай сыртқы қолдаусыз өздерінің жеке өркендеу жолдарымен жүріп, күн өткен сайын "авторлық" пайымдарын таныта отырып, жеке идеялары мен жоспарларын іске асырушы ерекше топтар. Әрине, әрбір адам кәсіпкер бола алады, дегенмен кәсіпкерліктің ауыр жүгін арқалай отырып, осы жолда нық тұру және табысқа қол жеткізу екінің бірінің қолынан кел бермейтін іс екені анық. 

Жеке кәсіпкерлік әрқашан трендте 

Шағын кәсіпті дөңгелетіп отырған іскер азаматтар үшін ең оңтайлысы жағдайға икемделіп, ұтқыр бола білу, өйткені күнде өзгеріске ұшырап отырғын ішкі және сыртқы орта сіздің еңбегіңізді еш қылып кетуі әбден мүмкін. Су көнектің пішінін алады, адам да түлкі заманға лайықталып тазы болып шалары анық, шағын және орта бизнес дәл сол сияқты тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы алтын көпірдің сан түрін байқап көруде. Өткен жыл "бұрын" және "кейін" дегізіп өмірімізді екіге ажыратты, бұрынғы көзқарассанамызға оралмасы анық, жаңалық жақсылығымен келгендей, минустарынан плюстері анағұрлым, өзгеріс бізді прогерске тартты. Бұл жерде сыртқы қауырт жағдайды жылдам меңгеріп, бизнес үшін ұтымды шешім таба білген, оларды қолданысқа енгізген мамандарға ерекше алғыс білдіре кету керек. Кәсіпкерлік үшін Тренд-2020 деп әртүрлі цифрлық құралдарды, соның ішінде қарапайым мессенджерлерден бастап жоғары технологиялық сервистерге дейінгі құралдарды айтуға болады, олардың қатарында, әрине, АТФБанк ұсынған ATFBusiness мобильді банкингі де бар. 

ATFBusiness – артық ештеңесіз, тек бизнес

ATFBusiness - банктік диджитал-өнім, ол арнайы кәсіпкерлер үшін ойластырылған. Оның басты мақсаты қаржы шырғалаңы мен мың түрлі бухгалтерлік есеп-қисап қиындығынан құтқарып, тек бизнестің дамуына көңіл бөлу. Онлайн-банкинг үш тараулы бағдарламалық өнім, ол барлық қаржылық бизнес міндеттерді адымен – жылдам, сосын – оңай, одан кейін – қауіпсіз шешуге көмектеседі. Бұл өнім атқаратын қызметіне сай, тұрған қалпында кез келген интернет-банкинг үшін қажетті «базалық жиынтықпен» жабдықталған, ол өз кезегінде онлайн режимде жеткізушілермен және контрагенттермен өзара есеп айырысу жүргізу, міндетті төлемдердің барлық түрлерін жасау, салық және айыппұлдар төлеу, шот жағдайын бағдарлау және тағы да көптеген қаржылық процедураларды жасау  мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Нарықтағы осы сынды банктік өнімдер арасында көрсетілетін қызметтері бойынша аталмыш өнім міндетті жиынтықтарын қоса алғанда бірқатар артықшылықтарға ие:

• Тіркелу оңайATFBusiness сервисініңартықшылықтарының бірі – жылдам әрі тегін түрде онлайн тіркелуге болады, ол үшін бар болғаны қолданбаны орнатып, ЖСН бойынша мәліметтерді және телефон нөмірін енгізсеңіз болғаны, сондай-ақ теңге және шетел валютасында қашықтан шот ашуға және төлем бизнес-карталарын шығаруға да болады.

• 100% онлайн: әдетте күнделікті оффлайн режимде бір-екі сағат уақыт алатын операцияларды енді бірнеше секунд ішінде, басып-басып қалу арқылы орындай аласыз, оларға банкішілік және банкаралық теңге және шетел валютасындағы аударымдар, Р2Р және SWIFT-аударымдар, айырбастау операциялары және тағы басқалары кіреді. Сонымен қатар, қолданба арқылы қолданыстағы депозит және кредит  бойынша барлық ақпараттан хабардар боласыз, ал QR-код арқылы анықтаманың барлық түрі мен үзінді алу өнімнің тағы да бір айта кетер артықшылығы. Кәсіпкерлер ең құнды байлығы – уақытын үнемдейтін болады.

• оңай қолжетімді: сервис iOs немесе Andorid базасындағы кез келген девайста, сондай-ақ кез келген десктоп арқылы қолжетімді. Оның тағы бір басым тұсы токендер және флешкаларды пайдаланбай-ақ шоттар мен қаражатты басқаруға болады, адамды сәйкестендіру үшін пайдаланушының таңдауына қарай логин және пароль немесе TouchID, FaceID жәнеFingerprint қолданылатын болады.

Заманауи технологиялардың тілін білетін болсаңыз, олар сіздің өміріңізді барлық аспекті бойынша жеңіл етеді. Бастысы дұрыс көмекші таңдай білу керек, ал кәсіпкерлік бизнесте бұл рөлге лайықтысы - АТФБанк ұсынған ATFBusiness мобильді банкингі. Бүгінгі таңда оны Қазақстан бойынша 15 мың жеке кәсіпкер пайдаланып жүр, олардың қатары күн өткен сайын артуда. Себебін сұрасаңыз, бұл өнімді әзірлеушілер барлық қызметтерін оңай қолдануға ыңғайлап, клиенттің көзқарасы тұрғысынан барынша оңтайландырып жасап шыққан. Ол бизнестің сыртқы құбылыстарға жылдам бейімделіп, «ойын ережесін» жылдам қабылдауы үшін қазіргі дүние жүзілік талаптарға сай озық технологиялар жемісі.


Серіктес материалы