Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы берілмек

Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi білім және ғылым, мәдениет және спорт, денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, еңбекпен қамыту, әлуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, азаматтық қоғам саласын дамыту салалары бойынша сыйлықақы беру жөнінде өтінімдерді қабылдауды бастады.

1 шілдеден бастап тамыздың 31 дейін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңына сәйкес өтініштер қабылданады. 

Қaзақстан Республикасы Ақпaрат және қоғaмдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арнaлған сыйлықақыны беруге келесі бaғыттар бойыншa конкурс өткізу туралы хабaрлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5) үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

6) банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

*Өтінімдерді Азаматтық қоғам комитетi 1 шiлдеден бастап 31 тамызға дейін келесi мекенжай бойынша қабылдайды: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы 8, "Министрлiктер үйi" ғимаратының 15-кiреберiсi.

Анықтама телефондары:

+7 (702) 376 84 00,

+7 (708) 777 71 08,

+7 (7172) 74-09-97