Димаш Құдайберген мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Димаш Құдайберген мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді
Фото: stan.kz

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанованың атындағы филармонияның директоры Елубай Кенжалиев айтты.

Димаш Құдайберген мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберген.

"Біздің Димашымыз да сауапты іс жасап, елордалық және ақтөбелік 100 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберіпті. Алла разы болсын", - деп жазды Елубай Кенжалиев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елубай Кенжалиев (@elubai_kenzhaliyev)4 Апр 2020 в 9:25 PDT

Н. Үсенова