Нұр-Сұлтандағы автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды
![Нұр-Сұлтандағы автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды](/userdata/news/news_61440/image_l.png)
Фото:
freepik.com
27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда жолаушыларға автобустың алдыңғы есігінен кіруге тыйым салынады. Ал автобус жүргізушілерін лентамен бөліп қояды. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы автобустарда қолма-қол ақша қабылданбайды. Астана әкімдігінің есебі бойынша, қазір жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеудің үлесі 98%-ды құрап отыр.
26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда автобустар сағат 19:00-ге дейін ғана жүретінін ескерте кетейік.
А. Жапатова