Коронавирус жұқтырғандар Қарағанды қаласында да тіркелді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49-ға жетті. 20 наурыз таңғы уақыттағы мәлімет бойынша тағы 5 адамнан бұл инфекцияның белгісі анықталған. Оның екеуі – Қарағанды қаласынан. 

- Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді, делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

- Қарағанды қаласында коронавируспен тіркелген - 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп арнайы брифингіде.

Оның айтуынша Алматы қаласында тағы үш адам аталмыш инфекцияны жұқтырған. Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам.

Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режімі енгізілді. Соған байланысты енді екі қалаға тұрғындардың кіріп-шығуы толық тоқтатылады.