Тамызда қанша күн демаламыз?

Тамыз айында қанша мерекелік күн бар? Қазақстандықтар келесі айда неше күн демалады? ҚазАқпарат таратқан ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Тамыз айында 9 демалыс және 2 мерекелік күн бар. Қазақстандықтар Конституция күніне орай 3 күн демалады. 30 тамыз аптаның жұма күніне түсіп тұр. Ал Құрбан Айттың алғашқы күні 11 тамызға келіп отыр. Айт 11-13 тамыз аралығында аталып өтетін болады. Жалпы, қазақстандықтар тамызда 10 күн демалады.

Айта кетейік, Үкімет қаулысына сәйкес, Семей полигонының жабылуына орай 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні бекітілген еді.