Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда қандай кедергілер бар?

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда қандай кедергілер бар?
Фото: ult.kz

3 қыркүйек күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кей мәселелері бойынша отырыс өтті.

Селекторлық режимде өткен жиналысқа министрлік басшысынан бөлек облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты. Аймақтардағы астық нарығын тұрақтандыру, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын жандандыру тақырыбында түрлі пікірлер айтылып, саладағы тың идеяларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Астықты тасымалдауға байланысты мониторинг жүргізуді іске асыру мәселесі де талқыға түсті.

Қазақстанда өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау 6 бағыт бойынша іске асып жатыр. Былтыр тұқым шаруашылығын субсидиялау механизмі өзгеріске ұшырады. Осыған сәйкес, элиталы және бірегей тұқымдарды субсидиялау жаңартылып, бірінші репродукторлы тұқымды субсидиялау кезіндегі ең аз мөлшер алынып тасталды.

Отырыс барысында бұдан бөлек, ауыл шаруашылығындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін жекелей шаруашылықтар бойынша ұсыныстар, пікірлер айтылды.

А. Қажиев